Биыл елімізде  автожолдардың 9,5 мың шақырымы жөнделеді

3,5 мың аудандық маңызы бар жергілікті жолдар күрделі жөндеуден өтті

Фото:Shutterstock

Сапалы, жылдам және қауіпсіз жолмен қамтамасыз ету -  инфрақұрылымдық дамудың негізгі міндеті. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің телеграм каналы хабарлады.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша елімізде жалпы ұзындығы 641 шақырымдық учаскеде қозғалыс ашылды. Атап айтқанда мына жолдарда:  

- Теміртау-Қарағанды-Балқаш-Қапшағай (1056 км) - 61 км (Қарағанды-Теміртау және Қарағанды қ. айналма жолы);

- Орталық-Шығыс дәлізі (914 км) - 249 км (180 км-Нұр-сұлтан-Павлодар, 69 км-Павлодар-Семей);

- Көкшетау - Петропавл - бағ. РФ (260 км) - 16 км (7 км-Көкшетау қ. кіреберіс, 9 км-Петропавл-РФ шекарасы);

- Бейнеу-Ақжігіт – 85 км) - 85 км;

- Таскескен-Бақты (187 км) - 18 км;

- Щучинск-Зеренді (80 км) - 80 км;

- Қандыағаш-Мақат (359 км) - 26 км;

- Жетібай-Жаңаөзен (73 км) – 73 км.

Ақауларды жою үшін 1,1 мың шақырым республикалық және 3,5 мың шақырым облыстық және аудандық маңызы бар жергілікті жолдар күрделі және орташа жөндеумен қамтылды.


 

banner_wsj.gif

Сотталғандар жазасын провизорлық стационарда өтеп жүр

Павлодар облысында шартты түрде сотталғандар дәрігерлерге көмекке келді

Фото: Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз орталығы

31 жастағы павлодарлық Светлана біраз уақыт бұрын шартты түрде сотталып, пробация қызметіне тіркеуге тұрған еді. Кейін оған Павлодар ауданының жұмыспен қамту орталығына жолдама берілген. Соған сәйкес, медициналық білімі әрі осы салада тәжірибесі бар Светлана провизорлық стационарлардың біріне жұмыс істеуге жіберілді. 

«Сотталғанға дейін облыстық ауруханада жұмыс істеп, тәжірибе жинадым. Стационарда қызмет етіп жүргеніме бір аптадан астам уақыт өтті. Негізгі міндетім – пациенттерге күтім жасау», - дейді Светлана. 

Одан бөлек, ол медициналық колледжге құжаттарын тапсырып, білімін одан әрі жетілдірмек ниетте. 

Светлана сияқты Қайрат есімді сотталған азамат та жазасын провизорлық стационарларға көмек көрсету арқылы өтеуде.   

«Облыс орталығындағы ауруханаларға төсект, жиһаз тасып жүрмін. Осы сияқты басқа да жұмыстар жүктеледі. Жаза ретінде белгіленген сағаттарды өтеп қана қоймай, қоғамға пайдамның тиіп жатқанына қуаныштымын. Жазаның осындай түрінің белгіленуі әділ деп есептеймін», – дейді ол. 

Пробация қызметінің бастығы Әсет Мыңжасаровтың айтуынша, еңбектің мұндай түріне тұрақты жұмыс орны жоқ әрі бас бостандығын шектеу жазасы белгіленген сотталғандар тартылады. 

«Пандемияға және пневмонияға шалдыққандар саны күрт артқандықтан, Павлодар облысында қосымша провизорлық стационарлар ашылды. Бұл өз кезегінде қосымша жұмыс күшін қажет етеді. Сондықтан жазасын өтеу жөнінде жолдама алғандар қаладағы ауруханаларға жіберіліп, көмек көрсетуде. Бүгінде сотталған бес азамат осы іске жұмылдырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, жазасын өтеушілер медицина қызметкерлеріне қол ұшын созатын болады»,  – дейді Әсет Мыңжасаров. 

Айта кетелік, Павлодар облысының аумағында қосымша провизорлық стационарлар мен триаж-орталықтар ашылғалы бері дәрігерлердің, медициналық қызметкерлердің аздығы қатты сезіле бастады. Осы уақытқа дейін денсаулық сақтау саласының ардагерлері, жеке емханалардың қызметкерлері, медициналық жоғары оқу орнын тәмамдаған түлектер, барлығы 200-ден астам адам дәрігерлерге көмекке келді. Жүктемені азайтып, пациенттерді сапалы ем-дом көрсету үшін тағы 400-ге жуық адам керек. Олардың барлығына белгіленген тарифтік көрсеткіштер бойынша қаражат төленетін болады. 

 

 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер