Белгісіз жағдайда үш трактор өртеніп кетті 

Жарияланды
Қасақана өрт қою фактісі бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында полицейлер өрт қою  бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Бәйдібек аудандық полиция бөліміне Боралдай ауылында белгісіз жағдайда үш МТЗ-80 тракторы жанып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 202-бабы 2-бөлімі «Қасақана өрт қою арқылы бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру» бойынша СДТТБТ-ға тіркеді. 

Тергеушілер тарапынан бірқатар сараптамалар тағайындалды. Өз кезегінде Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар, қасақана өрт қойған күдіктілердің жеке басын анықтауға бағытталған барлық қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.
 

Сондай-ақ оқыңыз