Ауруханалар дұрыс қызмет көрсетпесе, тұрғын шағымын WhatsApp-қа жолдай алады

Жарияланды
Осы номер арқалы   +77778888103  хабарласуға болады 

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров азаматтардың коронавирус инфекциясын жұқтыруының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан шаралар, осы іспен тікелей айналысатын қызметтердің пәрменді жұмыстары, вирус жұқтырған азаматтармен өткізілетін шаралар туралы  айтты. Бұл туралы Алматы әкімдігінің телеграм каналы хабарлады.

 «Елімізде пандемия жарияланғанға дейін COVID-19 енуі мен таралуын болдырмау үшін тиімді шаралар қолға алынды. Медицина қызметкерлері басқа елдерден келген 200 мыңнан астам азаматпен тиісті жұмыстар жүргізді. Науқастармен 700-ден астам үй және ұйымдастырылған ошақтарда коронавирус инфекциясына қатысты  шаралар жүргізілді», — деп еске салды К. Надыров. 

Камалжан Надыров коронавирус инфекциясының таралуымен күрестен бөлек, қазір Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының негізгі күші медицина қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және пациенттердің медициналық көмекті алу кезінде қауіпсіз түрде жеткізілуіне бағытталғанын атап өтті. Сонымен бірге, медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылауға жіті назар аударылған, осыған байланысты, таяу арада қаладағы барлық стационарларда бас дәрігердің инфекциялық бақылау бойынша орынбасары деген жаңа  қызмет енгізіледі. 

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы сондай-ақ, медициналық көмек көрсетудегі  қолжетімділік пен оның сапасын арттыруда Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қойған (жүктеген) стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруда.

Осылайша, Қаланың денсаулық сақтау жүйесін 2025 жылға дейін дамытудың Кешенді жоспары жасалды. Оған қаладағы кадрлық әлеуетті одан ары дамыту және анализ, біліктілікті арттыру және жаңа технологияларды енгізу мәселелері енеді.

 «Медициналық қызметті көрсету, халықтың ризашылығын күшейту, тұрғындармен коммуникацияны жақсарту бойынша жұмыстар жүргізіледі. Енді Алматының әрбір тұрғыны мен қонағы қаладағы денсаулық сақтау жүйесіндегі жағдайды жақсартуға қатысты ұсыныстары мен шағымдарын +77778888103 нөмірі арқылы WhatsApp-қа жолдай алады», — деп  жалғастырды сөзін К. Надыров.

Сонымен бірге, қалада коронавирус инфекциясына қатысты жағдай тұрақты — ауру деңгейінің орташа өсімі 2.3% деңгейде. Соңғы мәліметтер бойынша, Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 2882-ге жеткен.
 

Сондай-ақ оқыңыз