Алматыдағы кәсіпкерлерге қолдау көрсетілді

Салық төлеу жеңілдетілді

Фото: Shutterstock

Кәсіпкерлер үшін салықты жеңілдету мәселелері бойынша өткен брифинг қорытындысы бойынша Алматы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин мен Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаменті басшысының орынбасары Орынкүл Қазиева төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлерді қолдауда, сонымен бірге, салық саласында карантинге дейін және одан кейінгі мерзімде қолдау шаралары туралы айтты. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Төтенше жағдай енгізілгенге дейін 940,000 адам жұмыспен қамтылғаны, олардың арасында 600,000-ға жуығы шағын және орта бизнес кәсіпорындарда еңбектенгені айтылды. Карантин кезінде жұмыспен қамтылғандар саны 200,000-ға дейін төмендеп, бұл жағдай тиісті қолдау шараларын қабылдауға әкелді. Еркебұлан Оразалиннің айтуынша, қазір жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 800,000-ға дейін қалпына келтірілді.

«Өнеркәсіп және құрылыс саласындағы кәсіпорындар толықтай жұмыс істеп жатыр, жақын арадан бері ірі сауда орындары іске қосылды. Алматы әкімдігі кәсіпорындарға қатысты барлық жұмыс мәселелерін, сонымен бірге, карантин кезінде кәсіпорындардың жалдау ақысын жеңілдету мәселелерін белсенді түрде қарастыруда», - деді Еркебұлан Оразалин.

Сонымен бірге, ол бүгінде барлық құралдардың қиын жағдайдағы барлық кәсіпкерлердің қызметін қолдауға бағытталғанын да айтып өтті.

Мемлекеттік кіріс департаменті 1 маусымнан бастап салықтық және кедендік тексерулер, камералық бақылау бойынша ескертулердің орындалуы, салық төлеушілерге салық қарызын өтеу туралы хабарламалар жолдамаларының, әлеуметтік төлемдер бойынша қарыздар (соның негізінде мәжбүрлі түрде жазаға тарту және одан кейінгі амалдар  қарастырылады), сонымен бірге, аппеляциялық комиссияның қызметі мерзімдерінің жаңарғанын жайлы хабарлады.

«Салықтық есеп беру (жылдық декларациялар) формасын тапсыру мерзімі 31 наурыздан 31 мамырына ауыстырылды. Бұл жеңілдікті шамамен 30 пайызға жуық кәсіпкер пайдаланды», - деді Орынкүл Қазиева

Бүгінде өндірісте 319 салықтық және 102 кедендік тексерулер жүргізілуде.

Орынкүл Қазиева тексеру барысында тексерілуші субъекттің жұмыс режимі міндетті түрде ескерілетінін атап өтті. Осылайша, егер ұйым қызметкерлері карантинде болса немесе ұйымның қызметіне рұқсат берілмеген болса, онда ұйым жұмысын толығымен қайта бастағанға дейін тексерісті тоқтату туралы хабарландыру табысталады.

Бизнеске қолдау көрсету үшін Мемлекеттік кіріс комитеті де 2020 жылдың екінші жарты жылдығына тексеріс жүргізу кестесін құрудан бас тартты, ал бұл шамамен 135 тексеру. Тексерулер жоспардан тыс тағайындалады.

Сонымен бірге, жеке кәсіпкерлердің жеке табыс салығын, ірі  сауда нысандары бойынша жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды мүлік салығынан, ауылшаруашылығы өнімдерін ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін салық мөлшерлемесін «0» түзету коэфициенті  арқылы алған өндірушілерге ауылшаруашылық мақсаттағы  жерлерге жер салығын төлеуден босату туралы шешім қабылданды. 
 
Осындай түзету коэфициенті әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы жарнасы, міндетті кәсіби зейнетақы жарнасы,  әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруларға кірістер мен аударымдарды жеке тәжірибесімен айналысушы, төлем жүргізетін қаржы көзінен ұсталатын жеке табыс салығының мөлшерлемесіне де бекітілді. Бұл ереже (тәртіп) микро, шағын немесе орта кәсіпкерлікпен 1 сәуірден 1 қазанына дейін жеке тәжірибемен айналысушы және 1 сәуірден 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін қызмет етеді.

1 қаңтардан бастап, сонымен бірге, әкімшілік жүктемені (салмақ, күш) төмендету және бизнес ортаның тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатымен микро және шағын бизнес субъектілерін үш жылға дейін тексеру мораторийі күшіне енді. Соған қарамастан, мораторий кедендік тексерулеге, қарсы салықтық тексерулерге,салық органдарындағы тіркеуге алу міндеттеріне қатысы жоқ.

Мемлекеттік кіріс департаменті сонымен бірге, салық төлеушілердің сұрақтары бойынша түсіндірмелер жүргізу үшін мемлекеттік кірістер басқармасында байланыс орталықтары құрылғанын еске салды.
 

banner_wsj.gif

Сотталғандар жазасын провизорлық стационарда өтеп жүр

Павлодар облысында шартты түрде сотталғандар дәрігерлерге көмекке келді

Фото: Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз орталығы

31 жастағы павлодарлық Светлана біраз уақыт бұрын шартты түрде сотталып, пробация қызметіне тіркеуге тұрған еді. Кейін оған Павлодар ауданының жұмыспен қамту орталығына жолдама берілген. Соған сәйкес, медициналық білімі әрі осы салада тәжірибесі бар Светлана провизорлық стационарлардың біріне жұмыс істеуге жіберілді. 

«Сотталғанға дейін облыстық ауруханада жұмыс істеп, тәжірибе жинадым. Стационарда қызмет етіп жүргеніме бір аптадан астам уақыт өтті. Негізгі міндетім – пациенттерге күтім жасау», - дейді Светлана. 

Одан бөлек, ол медициналық колледжге құжаттарын тапсырып, білімін одан әрі жетілдірмек ниетте. 

Светлана сияқты Қайрат есімді сотталған азамат та жазасын провизорлық стационарларға көмек көрсету арқылы өтеуде.   

«Облыс орталығындағы ауруханаларға төсект, жиһаз тасып жүрмін. Осы сияқты басқа да жұмыстар жүктеледі. Жаза ретінде белгіленген сағаттарды өтеп қана қоймай, қоғамға пайдамның тиіп жатқанына қуаныштымын. Жазаның осындай түрінің белгіленуі әділ деп есептеймін», – дейді ол. 

Пробация қызметінің бастығы Әсет Мыңжасаровтың айтуынша, еңбектің мұндай түріне тұрақты жұмыс орны жоқ әрі бас бостандығын шектеу жазасы белгіленген сотталғандар тартылады. 

«Пандемияға және пневмонияға шалдыққандар саны күрт артқандықтан, Павлодар облысында қосымша провизорлық стационарлар ашылды. Бұл өз кезегінде қосымша жұмыс күшін қажет етеді. Сондықтан жазасын өтеу жөнінде жолдама алғандар қаладағы ауруханаларға жіберіліп, көмек көрсетуде. Бүгінде сотталған бес азамат осы іске жұмылдырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, жазасын өтеушілер медицина қызметкерлеріне қол ұшын созатын болады»,  – дейді Әсет Мыңжасаров. 

Айта кетелік, Павлодар облысының аумағында қосымша провизорлық стационарлар мен триаж-орталықтар ашылғалы бері дәрігерлердің, медициналық қызметкерлердің аздығы қатты сезіле бастады. Осы уақытқа дейін денсаулық сақтау саласының ардагерлері, жеке емханалардың қызметкерлері, медициналық жоғары оқу орнын тәмамдаған түлектер, барлығы 200-ден астам адам дәрігерлерге көмекке келді. Жүктемені азайтып, пациенттерді сапалы ем-дом көрсету үшін тағы 400-ге жуық адам керек. Олардың барлығына белгіленген тарифтік көрсеткіштер бойынша қаражат төленетін болады. 

 

 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер