Алматыда жүргізушілерге арнайы рейд жүріп жатыр

Жарияланды
 Бұл- жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін

Алматыда мас жүргізушілер мен терезесін қараңғылап алған көліктерге қатысты рейдтер өтіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

 «Рейдтің мақсаты – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қала жолдарындағы апаттар санын азайту. Оны жүзеге асыруға Патрульдік полиция мен әкімшілік полицияның  жеке құрамы қатысады. Алматы жолдарында терезелерін қараңғылап алған 53 автокөлік анықталды. Сонымен қатар, жолды белгісіз жерде кесіп өткен 41 жаяу жүргінші жауапқа тартылды. Рейдтер жалғасып жатыр, – деді жергілікті Полиция қызметі басқармасының басшысы Манап Саттаров.

Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, қала жолдарында үш мас жүргізуші анықталды. Олар көлік жүргізуден шеттетіліп, медициналық тексерістен өтуге жіберілді. Олардың көлігі арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

 

Сондай-ақ оқыңыз