Алматыда 2167 сауда нысаны тексерілді

Карантинде бекітілген талаптарды бұзған 125 нысан анықталды

Фото:Shutterstock

Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен кәсіпкерлік субъектілерінің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауын қадағалау бойынша мониторингтік топ күнделікті жұмыс жүргізуде. Бұл туралы Алматы әкімдігінің телеграм каналы хабарлады.

Мониторингтік топ бұл жолы Бостандық ауданының аумағындағы 17 кәсіпкерлік субъектісін тексерді. Олардың арасында: «Мимино», «Del papa», «Party Pizza», «Хачапури и Вино»,  «Суши Рай», «Хачапури» мейрамханалары;  «Марокко», «МаМи» сұлулық салондары; «Раушан», «Шағынмаркет», «Мөлдір», «Магнит» азық-түлік дүкендері; «Тирамису» кондитерлік дүкені; «Аквастарс» спорттық-сауықтыру бассейні;  Mon Amie СҮ; Kaspi банк бөлімшесі; «Еврофарма» дәріханасы бар.

Тексеру барысында екі нысаннан – «Раушан» азық-түлік дүкені мен «Мимино» мейрамханасынан маска тағу режимінің орындалмауы, тепловизорлардың жоқтығы мен әлеуметтік қашықтықтың сақталмауына қатысты тәртіп бұзушылықтар анықталды. Соған байланысты тиісті түсіндірмелер мен кеңестер берілді. 

Мониторингтік топтар жұмысын бастағалы қалада барлығы 2167 нысан тексерілді, олардың 125-де Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысында бекітілген талаптардың бұзылғаны анықталған. Осыған  байланысты, 69 нысанның (оның ішінде 56-сы нысан басшылығының шешімімен) жұмысы тоқтатылып, нысандарда өрескел тәртіп бұзушылыққа қатысты 72 әкімшілік хаттама толтырылған.

Мониторингтік топтың құрамына Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аудандық бөлімдерінің, кәсіпкерлікті дамыту қызметкерлері, полиция қызметкерлері, сонымен бірге, БАҚ өкілдері енген.

Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасын табады.
 

banner_wsj.gif

Қазақстанда 5 шілдеден екі апталық қатаң карантин енгізіледі

Елдегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін біршама шектеулер қойылады

Фото: Аскар Ахметуллин

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында елдегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралды, деп хабарлайды үкімет басшысының ресми сайты.

Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында шектеу шараларын енгізу бойынша ұсынылатын шаралар туралы денсаулық сақтау министрі А. Цой баяндама жасаған.

Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, Мемлекеттік комиссия биылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге келесі шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады:

Көлік қатынасы бойынша:

1. Елдер тізімін көбейтпей, халықаралық әуе қатынасын сақтау;

2. Өңірлер арасындағы әуе қатынасын, темір жол қатынасын сақтау (шектеулермен);

3. Өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасын уақытша тоқтату;

4. Қоғамдық көліктің жұмысын уақыт бойынша шектеу.

 

Азаматтардың жүріп-тұруы бойынша:

1. Ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын өткізуге тыйым салу;

2. Ашық ауада жаттығулар жасауға рұқсат ету;

3. Тұрғындардың көшелерде, саябақтарда, скверлерде 3 адамнан артық серуендеуін шектеу;

4. 65 жастан асқан адамдардың сыртқа шығуын шектеу.

 

Мына нысандардың қызметіне тыйым салу керек:

Сұлулық салондары, шаштараз, спорт залдары, фитнес орталықтар, бассейндер, азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлар, жағажайлар, аквапарктер, мәдениет нысандары, музейлер, көрмелер, форумдар, конференциялар және өзге де ұйымдастырылған бұқаралық іс-шаралар, ойын-сауық орталықтары, мектепке дейінгі балалар мекемелері (кезекші топтардан басқа), діни нысандар және т. б. (СОСО-дағы ойын-сауық орталықтары, ойын-сауық нысандары (караоке, бильярд, компьютер клубтары, боулинг орталықтары), кинотеатрлар, балаларды сауықтыру лагерлері, фудкорттар, банкет залдары).

Мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің кемінде 80%-ның қашықтан жұмыс істеу режимін сақтау;

Алдын ала жазылу бойынша медицина орталықтарының қызметін сақтау;

Дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің, ашық базарлардың қызметін сақтау;

Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, келесі нысандардың қызметін сақтау:

-ашық ауада қоғамдық тамақтану нысандары; үздіксіз өндірістік айналымы бар құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындары; ашық ауадағы құрылыс жұмыстары; ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және мал шаруашылығы жұмыстары; халыққа қызмет көрсету салалары, оның ішінде авто жуу, автомобильдерді және тұрмыстық техниканы жөндеу, ХҚКО-лар, екінші деңгейлі банктер (уақыт бойынша шектеу енгізумен).

Үкімет басшысы еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың алдағы уақытта қалай өзгеретініне байланысты аталған шектеу шаралары 2 аптаға ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін екенін атап өтті.

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg