Алматы облысында жол-көлік оқиғасы азайған

Жарияланды
Жол тәртібін бұзғандар саны 30 пайызға төмендеді

Алматы облысының полициясы өңірдегі жол қауіпсіздігі бойынша статистикалық мәліметтерімен бөлісті, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Жылдың басынан бері Алматы облысының аумағында 659 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 106 адам қаза тапқан және 937 адам жараланған. Өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда ЖКО саны 30 пайызға төмендеген.

  «Қазіргі уақытта жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ішкі істер органдарының қызметіндегі өзекті және басым бағыттардың бірі. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жедел – алдын алу іс-шараларын тұрақты негізде жүргізу жолдардағы жағдайды тұрақтандыруға, жол қозғалысы ережелерін бұзуды азайтуға, ал кейбір жағдайларда оларды барынша болдырмауға мүмкіндік береді, – дейді Алматы облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Бағдат Ашимов. 

Сонымен қатар, облыс бойынша жаяу жүргіншілерге қатысты 241 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 45 адам қаза тауып, 209 адам жарақаттанған. Патрульдік полиция 85 367 жол қозғалысы ережесіне қатысты құқық бұзушылықты анықтаған.
 

Сондай-ақ оқыңыз