Алматы билігі арандатушы сөздерге ермеуге шақырды

COVID-19-ға тест тапсыру кезінде тек  сертификатталған реагенттер пайдаланылады

Фото: Shutterstock

Алматы қаласында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөнендегі комиссия коронавирус инфекциясын анықтауға арналған тест тапсыру барысында реагенттерден ауру жұғу қаупі жоқ деп ресми түрде хабарлайды. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралып жатқан Алматыда орын алған, ауру жұғыпты-мыс деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің телеграм каналы хабарлады.

«Коронавирус инфекциясына тест тапсыру кезінде тек сертификатталған реагенттер пайдаланылады. Коронавирусты диагностикалау мәселесі ерекше бақылауға алынған. Біз провокация мен алып-қашпа әңгімелердің соңында кетпей, ресми ақпарат көздеріне жүгінуді сұраймыз», — деп атап өтті Комиссия төрағасы, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров. 

Қазіргі уақытта Алматы қаласында COVID-19-ды анықтау тестін жүргізетін 7 зертхана (Ұлттық сараптама орталығы, Санитарлық-эпидемиологиялық сараптау және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы, М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы, Орталық референс-зертхана, Medical Partners Korea Clinic қазақстандық-корейлік клиникасы, «Олимп» КДЗ, «Атакент» ҚІҚО аумағындағы модульді кешен) қызмет етіп жатыр. 

Сараптама тапсырудың барлық пункттерінде осы бағыттағы жұмыстарды реттейтін санитарлық ережелердің талаптары сақталады, қызметкерлердің биологиялық қауіпсіздікті қатаң сақтануы барлық жүргізілетін процедураның кепілі болып табылады. Өз кезегінде, тест жүргізу үшін пайдаланылатын реагенттер тексерудің барлық кезеңдерінен өтті, соның нәтижесі бойынша, жұмыста оны тек ҚР-да ғана емес, бүкіл әлім бойынша қолдануға рұқсат етілген. Таңдап алу стерильді, бір реттік материалмен (зондтармен) жасалады, олар пайдаланылғаннан кейін белгіленген ережелер сәйкес пайдаға (кәдеге) асырылады. Қайтадан пайдалануға жол берілмейді. 

ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігерінің Қаулысына сәйкес, референс-зертханалардың мамандарымен жасалып  жатқан зерттеулердің мониторингтік бақылауы (визиты) жүргізілуде. 

Комиссия өз тарапынан COVID-19-ға тексеру бойынша халыққа қызмет көрсететін жекеменшік зертханалардың басшыларын карантинді күшейту  кезіндегі шараларды ұйымдастыру мен бақылау туралы: маска тағу режимінің, кезекте әлеуметтік қашықтықтың, науқастардың алдын ала жазылуы, зерттеу жүргізу үшін қан тапсыру көлемін бөлуді қосымша ескертеді. 
 

banner_wsj.gif

Әлем елдерінің парламентінде гендерлік теңдік сақтала ма?

Соңғы 25 жылда әйелдердің үлесі 2 есе өскен

Фото: Асқар Ахметуллин

Соңғы 25 жылда парламенттегі әйелдердің үлесі екі есе өскен. Халықаралық парламент одағының (Inter-Parliamentary Union) мәліметі бойынша, бүкіл әлемдегі сайланбалы заң шығарушы органдардағы орынның 25 пайызы әйелдерге тиесілі. 

1995 жылдары парламенттегі әйелдердің үлесі бойынша Скандинавия және басқа да дамыған мемлекеттер көшбасшы болып, бірінші орында Швеция тұрған. Қазіргі кезде парламенттегі әйелдер саны бойынша Шығыс Африкада орналасқан Руанда көш бастап тұр. 

Төменгі палатадағы депутаттық 80 орынның 49-ын әйелдер иеленген, соның ішінде 24 орын әу баста-ақ әйел адамдар үшін арнайы квота ретінде бөлінеді. Дүниежүзілік экономикалық форумның байламы бойынша, 2015 жылы Руанда Үкіметі әлемдегі ең нәтижелі биліктің ондығына енген.

Куба Республикасының бір палаталы парламентіндегі 605 депутаттың 322-і – әйелдер, бұл мемлекетте биліктегі әйелдердің үлесі өте жоғары. Одан кейінгі орында Боливия тұр, онда парламен төменгі палатасының 53,3 пайызын әйелдер құрайды. 2019 жылдан республиканы ел тарихындағы алғашқы әйел-президент Жанин Аньес басқарып келеді. 

Ал төртінші орында – Біріккен Араб әмірліктері. Бұл елде парламеттің қызметін ұлттық аймақтық кеңес атқарады, онда президент резолюциясы бойынша әйел адамдарға 50 пайыз квота бөлінген. БАӘ ұлттық кеңесі – заң шығарушы орган емес. Тек заңды талқылау мен оған өзгертулер мен толықтыру енгізуге құқылы. 

Ал Швеция қазір жетінші орынға түсіп кеткен. Ел парламентіндегі әйелдердің үлесін арттыру бағытында соңғы ширек ғасырда Оңтүстік және Солтүстік Америка елдері қарқынды дамыды. Бұл ретте Тынық мұхиты аймағындағы мемлекеттерде алға жылжу аз. Мәселен, Папуа-Жаңа Гвинея және Вануату сынды мемлекеттердің парламентінде әйел адамдар мүлдем жоқ. 

Ал ТМД елдері арасында парламенттегі әйелдер саны бойынша бірінші орында Беларусь келеді, ал әлем елдері арасында –22 орында. Бұл елде парламент төменгі палатасындағы әйел депутаттардың саны 40 пайызды құрайды.

aiel.png

Осы ретте әйелдердің сайлау процесіне қатысуы елдегі саяси еркіндіктің кепілі бола алмайтынын айта кеткен жөн. Айталық, Руанданың өзі Freedom House тұжырымы бойынша, еркіндік рейтингіндегі 100 балдың тек 22-сін жанап, еркіндік жоқ елдердің қатарына кірген. Ал Араб әмірліктеріндегі еркіндік деңгейі 17 баллға бағаланса, Куба Республикасында тіптен төмен – бар-жоғы 14 балл. 

Кейбіл елдерде парламенттегі әйелдер санының артуын арнайы квота енгізілуімен түсіндіруге болады. Парламентаралық кеңестің бас хатшысы Мартин Чунгонг  квота енгізілген елдерде әйелдер өз қабілеттерін барынша көрсете алатынын атап өткен.

Әйелдердің сайлау процесіне қатысуына кепіл берілуі көптеген елдерде өз нәтижесін беріп келеді. Биліктің сайланбалы органдарында әйелдер үшін арнайы квота бөлу тәжірибесі әлемнің 104 елінде қолданылады. 
 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg