Алдағы жылыту маусымында көмір тапшылығы болмайды

Биыл 44 млн. тонна көмір өндірілді

Фото;gov.kz

2020 жылғы 23 маусымда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалағымен өткен Үкімет отырысында жылыту маусымына дайындық барысын баяндады. Бұл туралы www.gov.kz хабарлады. 

Министр 2019-2020 жылғы жылыту маусымы тұрақты режимде өткенін айтты. Аталған кезеңде 24 технологиялық тәртіп бұзушылық болды. Бұл 2018-2019 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 33 жағдайға аз. Барлық технологиялық тәртіп бұзушылықтар нормативтік мерзімде жойылды.

2020 жылғы қаңтар-мамыр айларында шамамен 44 млн. тонна көмір өндірілді. Оның ішінде 24,1 млн. тонна энергия өндіруші кәсіпорындарға, 2,7 млн. тонна коммуналдық тұрмыстық сектор және халыққа жөнелтілді

Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 2019-2020 жылға Коммуналдық тұрмыстық қажеттіліктер мен халықтың көмір өніміне деген тұтыну жоспарын жасады. Апта сайын мониторинг жүргізіліп отырды. Көмір тапшылығы болған жоқ

Әкімдіктердің көмірді ерте сатып алуының арқасында сұраныс күрт артқан кезде де дүрбелең болған жоқ.  Өткен жылыту маусымында өңірлерде жеке және заңды тұлғалардың коммуналдық қызметтер алдындағы дебиторлық берешегі 13 млрд. теңгені құрады. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 780 млн. теңгеге көп. (2019 жылы - 12 286 млн. теңге). Берешегі ең көп өңірлер: Алматы қаласында - 2 млрд 177 млн. теңге,  Нұр-Сұлтан қаласында – 1 млрд. 928 млн. теңге, Шымкент қаласында – 1 млрд. 924 млн.теңге, Маңғыстау облысында – 1 млрд 525 млн.теңге. 

Әкімдіктер борышкерлермен дебиторлық берешекті өтеу және азайту бойынша жүйелі шаралар жүргізіп жатыр (кассалық қызмет көрсетуді жақсарту бойынша, тұтынушылардың берешегі туралы шот - хабарламаларды тарату бойынша, ескерту туралы хабарламаларды тарату бойынша, кіреберістерде хабарландыруларды ілу бойынша, материалдарды сот органдарына беру бойынша жұмыстар).

2020-2021 жылғы жылыту маусымына дайындық мақсатында Министрлік әкімдіктерге барлық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік сала объектілерін және тұрғын үйлерді жылыту маусымына дайындау үшін жұмыс жоспарын жіберді.

Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өңірлер бойынша  ай сайынғы қажеттілікті көрсете отырып, коммуналдық-тұрмыстық мақсатқа және халыққа арналған көмірдің қажеттілік жоспары жасалды.

Жалпы, жылыту маусымына дайындық қызу жүріп жатыр. Көмір тапшылығы болмауы тиіс. Қыркүйек-қараша айларында дүрлігуді болдырмау үшін әкімдіктермен бірлесіп халыққа арналған көмірді ертерек сатып алу жұмыстары жүргізілуде. 

Биыл оқу жылы басталғанға дейін 10 мыңдай білім беру объектісін дайындау жоспарланған.

Денсаулық сақтау объектілері мен тұрғын үйлердің дайындығына баса назар аударылады. 6 мыңдай денсаулық сақтау объектісі мен 47 мың тұрғын үйді дайындау жоспарланған.

Халықты жылумен және сумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін 10 мыңнан астам автономдық қазандықты, 5 мың шақырым жылумен жабдықтау желісін және 13 мың сумен жабдықтау желісін дайындау керек.

Сондай-ақ, автономдық қазандықтарды көмір және мазутпен қамтамасыз ету керек. (1 млн. 200 мың тоннадан астам көмір және 52 мың тонна мазут).

«Қазақстан темір жолы» көмір разрезінен өңірлердің темір жол тұйықтарына дейін вагондарды уақытында жеткізіп, көмір тасымалын жүзеге асырады.

Көмір дайындау бойынша мониторинг Министрліктің тұрақты бақылауында.

banner_wsj.gif

Елорданың дәріханаларындағы дәрі бағасын арнайы топ қадағалайды

Дәрі-дәрмек адам басына 2-3 қаптамадан ғана беріледі

Фото:astana.gov.kz

Нұр-Сұлтан қаласы дәріханаларындағы дәрі-дәрмектің қолжетімділігін арнайы құрылған топ қадағалайды. Сонымен қатар дәрілік заттарды тарату адам басына 2-3 қаптамамен шектелген, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты

Қаланың дәріханаларында пандемияға жағдайында қажетті дәрі-дәрмектердің болуын қадағалайтын мониторингтік топ елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің шешімімен құрылды. Топты Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің департаменті кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, «Қазақстан Республикасының фармацевтикалық қызметін қолдау және дамыту қауымдастығы» ЗТБ-мен бірлесіп құрды. 

Мамандар қаланың дәріханаларында дәрі-дәрмектердің қол жетімділігіне күнделікті мониторинг жүргізеді. 

Тізімде мынадай препараттар бар: «Тамифлю», «Кардиомагнил», «Аспирин», «Тромбо асс», «Аспирин-Кардио», «Ксарелто 15 мг», «Азитро 500 мг», «Азитрокс 500 мг», «Азитромицин 500 мг», «Азицин 500 мг», «Заха 500 мг», «Зитмак 500 мг», «Зитрокс 500 мг», «Сумамед 500 мг», «Амоксиклаб», «Аугментин», «Амоксиклав», «Клавам», «Флемоклав Солютаб», «Цефиксим», «Цефим», «Супракс солютаб», «Супракс 24», «Токсим-О», «Тамифлю», «Осельтамивир», «Инфлюцеин», «Флувир», «Номидес», «Ингавирин 90 мг», «Эргоферон», «Кагоцел», «Арпефлю», «Парацетамол», «Эффералган», «Панадол», «Нурафен», «Ибупрофен», «Новиган», «Миг 400», «Нимесулид». 

«Дәріхана ұйымдарының басшыларына Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес дәрі-дәрмектердің шекті бөлшек сауда бағаларын қатаң сақтау тапсырылды. Шешім дәріхана ұйымдары үшін міндетті болып табылады. Сонымен қатар бүгінгі күнге дейін әкімдік пен бөлшек сауда желісінің қауымдастықтары арасында дәрі-дәрмек жеткізілімін шектеу мақсатында әр сатып алушыға 2-3 қаптамадан асырмау туралы меморандум жасалды. «Емдеу кезінде препараттың дәл осындай мөлшері қажет, өйткені олардың жарамдылық мерзімі және сақтау шарттары бар», – деп хабарлады департаменттен.

9 шілдеге дейін бірқатар вирусқа қарсы, ыстық түсіретін дәрілер мен антибиотиктер елорда дәріханаларына жеткізіледі деп күтілуде. Сонымен қатар ыстық түсіретін дәрі-дәрмектердің тапшылығында олардың балама нұсқалары бар: «Панадол», «Эффералган», «Ибупрофен», «Ибуфен», «Миг», «Новиган», олар дәріханаларда бар. Коронавирус инфекциясының алдын алу үшін азаматтар санитарлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керек: маска, қолғап киіп, қолын сабынмен жуып, әлеуметтік қашықтық сақтау қажет.
 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg