Түйенің күл ауруына қарсы вакцина шығарылды

Жарияланды
Бірқатар ауылдық округтерінде карантин енгізілді

Биология және биотехнология ғылыми-зерттеу институты түйе індетіне сынақ өткізіп, оған қарсы вакцина шығаруға кірісті, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Ветеринарлық медицинаның ұлттық анықтамалық орталығы» РМК зертханалық зерттеулерінің нәтижелері бойынша Бейнеу, Тәжен және Сыңғырлау ауылдық округтерінде түйе індетіне байланысты карантин енгізілді.

Түйелер арасында індет жоқ, алайда жануарлар оқшауланып, әкімдіктердің ветеринария бөлімдері мен ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті аумақтық инспекциясының жіті бақылауына алынды.

Індет анықталған орындарда «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» РМК Маңғыстау филиалының мамандары дезинфекция жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ, отандық биология және биотехнология мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институты сынақтар өткізіп, түйе жұқпасына қарсы вакцинаны іске қосты. Заңнамаға сәйкес оны тіркеуді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті жүзеге асырады.
 

Сондай-ақ оқыңыз