Түркістан облысындағы су тасқыны бойынша шұғыл штаб құрылды

Жарияланды
Төлеби, Қазығұрт және Бәйдібек аудандарын су басты

Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы су тасқыны бойынша шұғыл штаб құрылды. Бұл туралы Түркістан облысының әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Facebook парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, Түркістан облысында екі күн қатарынан қатты жаңбыр жауған. Соның салдарынан үш аудан Төлеби, Қазығұрт және Бәйдібек су астында қалды. Түнде 40 мм-ден астам жауын-шашын түскен. 4 үйді су басты және 376 аулаға су кірген, жергілікті 4 көпірді су шайған оған қоса 8 бас мал өлді. Тұрғындар арасында зардап шеккендер жоқ. Су тасқынын жою мақсатында аудандық штаб құрылды.

«Төлеби ауданы, Қасқасу а/о, Жоғарғы Қасқасу ауылында қатты жауынның салдарынан Қасқасу өзені тасып, Жоғарғы Қасқасу ауылы ішіндегі төрт көпірді су шайған. Сонымен қатар,  Екпінді ауылының 4 жеке тұрғын үйіне және 15 үйдің ауласына су кірген. Барлығы 15 м.куб су сорылды. Осы жағдайға байланысты Төтенше жағдайлар департаментінде сағат 19:20-да штаб құрылды. Қазіргі таңда бұл ауылдарда су тасу қауіпі жоқ. Оқиға орнына ТЖД (82 қызметкер, 8 дана техника, 11  мотапомпа), ЖАО (25 қызметкер, 4 дана техника) күштері жұмылдырылды», – деді Сәкен Қалқаманов Facebook парақшасында.
 

Сондай-ақ оқыңыз