Skip to main content

Түркістан облысындағы су тасқыны бойынша шұғыл штаб құрылды

Төлеби, Қазығұрт және Бәйдібек аудандарын су басты

фото: komitet_po_chs

Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы су тасқыны бойынша шұғыл штаб құрылды. Бұл туралы Түркістан облысының әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Facebook парақшасында хабарлады.


Оның айтуынша, Түркістан облысында екі күн қатарынан қатты жаңбыр жауған. Соның салдарынан үш аудан Төлеби, Қазығұрт және Бәйдібек су астында қалды. Түнде 40 мм-ден астам жауын-шашын түскен. 4 үйді су басты және 376 аулаға су кірген, жергілікті 4 көпірді су шайған оған қоса 8 бас мал өлді. Тұрғындар арасында зардап шеккендер жоқ. Су тасқынын жою мақсатында аудандық штаб құрылды.


«Төлеби ауданы, Қасқасу а/о, Жоғарғы Қасқасу ауылында қатты жауынның салдарынан Қасқасу өзені тасып, Жоғарғы Қасқасу ауылы ішіндегі төрт көпірді су шайған. Сонымен қатар,  Екпінді ауылының 4 жеке тұрғын үйіне және 15 үйдің ауласына су кірген. Барлығы 15 м.куб су сорылды. Осы жағдайға байланысты Төтенше жағдайлар департаментінде сағат 19:20-да штаб құрылды. Қазіргі таңда бұл ауылдарда су тасу қауіпі жоқ. Оқиға орнына ТЖД (82 қызметкер, 8 дана техника, 11  мотапомпа), ЖАО (25 қызметкер, 4 дана техника) күштері жұмылдырылды», - деді Сәкен Қалқаманов Facebook парақшасында.
 

banner_wsj.gif

Соңғы бес жылда мемлекет қазынасынан 145,3 млрд теңге ұрланған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет соның 100 млрд теңгесін бюджетке қайтарған

Фото: kursiv.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет соңғы 5 жылда ұрланғаны анықталған 145,3 млрд теңгенің 100 миллиардың мемлекетке қайтартқызған. Бұл жөнінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлімдеді.

Ол соңғы бес жылда мемлекетке келтірілген шығынның қайтарылуы жөніндегі статистиканы айтып өтті. 

"Егер 2015 жылы мемлекетке 5 млрд. теңге өтелсе, осы жылдың тек 5 айында ғана бұл сома 6 есеге артып,  28,2 млрд. теңгеге (анықталғаны – 30,9 млрд. теңге) жеткен. Ағымдағы жылдың 5 айындағы шығын көрсеткіші 2019 жылдың көрсеткішінен асып түскенін атап өткен жөн", - деді Биғайдаров.

Нақты жылдар бойынша алып қарастырсақ, келтірілген шығын мен өтелген қаржы көлемі мынандай:


- 2015 жылы 9,5 млрд шығын анықталып, 4,9 млрд өтелді;
- 2016 жылы 43,6 млрд анықталып, 9,3 млрд өтелді; 
- 2017 жылы 15,8 млрд анықталып, 13,9 млрд өтелді; 
- 2018 жылы 21 млрд анықталып, 18,6 млрд өтелді;
- 2019 жылы 24,5 млрд анықталып, 22,6 млрд өтелді; 
- а.ж. 5 айында 30,9 млрд анықталып, 28,2 млрд өтелді.

Тергеу барысында шығын тек бюджетке қолма қол қаражат жолымен ғана емес, сондай-ақ, құрылыс жұмыстарын орындау, тауарлар жеткізу, қызмет көрсету, жер телімдері мен пәтерлерді мемлекеттік қорға қайтару жолымен де өтеледі.

2019 жылдан бері сыбайлас жемқорлық қылмыстық істері бойынша тәркіленіп, сатылған мүліктің жалпы құны 1 млрд теңгеден асады. 

Сонымен қатар, Агенттіктің сыбайлас жемқорлық қылмыстық істері бойынша тәркіленіп, сатылған мүлікке және қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған мүліктерге (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет істер бойынша) тұрақты түрде мониторинг жүргізеді

Сондай-ақ, қабылданған алдын алу шараларының арқасында  22,3 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделген. 

Мәселен, Түркістан облысында Кентау қаласының Тұрғын үй шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің келісімшарт сомасын 32 млн теңгеден 135 млн теңгеге дейін заңсыз өсіруіне тоқауыл қойылды. 

ТЖ режимін ескере отырып, адамдар жаппай шоғырланатын шараларды (Жамбыл облысындағы мерекелік дастархан, БҚО Бөрлі ауданындағы күрестен республикалық турнир), сатып алуды тоқтату бойынша ұсыныстар енгізіліп, бөлінген қаражат бюджетке қайтарылған.

2016 жылдан бері 2000-нан аса адамға сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сот үкімімен  жалпы сомасы 17 млрд теңге айыппұл салынса, соның 10 млрд теңгеге жуығы бюджетке төленді. 
 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_kaz.png