Тоқаев: Төтенше жағдай режимі біткенімен, карантин сақталады

Жарияланды (жаңартылды )
Карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі төтенше жағдай режимінің аяқталуына қатысты мәлімдеме жасады.  Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Бүгін бүкіл ел аумағындағы төтенше жағдай режимі аяқталды. Алайда, кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отыр.Індет толығымен жойылып кеткен жоқ. Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті.Сондықтан карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады» деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында», –деп жазады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің facebook парақшасында.

Айта кетейік, COVID-19 коронавирус инфекциясы Қазақстанда 13 наурызда анықталды. 16 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы бойынша  елімізде төтенше жағдай режимі енгізіліп, ол 11 мамырға дейін бірнеше рет ұзартылды. 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылған.
 

Сондай-ақ оқыңыз