Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді

Жарияланды
Бірқатар нысандармен танысады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-та хабарлады.

Мемлекет басшысы сапар барысында қаланың бірқатар инфрақұрылымдық нысандарының жаңғырту жобаларымен және құрылысымен танысады. 

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетін мобильді скрининг арқылы анықтау орталығына барады. Ботаникалық бақты қайта қалпына келтіру жұмысымен танысып, құрылысы жүріп жатқан әлеуметтік қызмет көрсету үйін аралап көреді.
 

Сондай-ақ оқыңыз