Skip to main content

Сыбайлас жемқорлық тиылмай тұр

Бір аптаның ішінде 146 сотқа дейінгі тергеу ісі тіркелген

Фото:shutterstock.com

Төтенше жағдай мен карантин кезінде сыбайлас жемқорлық фактілер азаймай тұр. Өткен аптаның өзінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 146 сотқа дейінгі тергеу ісін  тіркеп, соның ішінде 5 лауазымды адам ұсталса, 6 адамға қатысты "күзетпен ұстау" санкциясы жүргізілген. Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық дерегі туралы хабарлаған 64 азаматқа 10 млн теңгеге жуық сыйақы төленіпті. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аса маңызды істер жөніндегі бірінші департаменттің тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлімдеді. 

Ақмола облысы 

Ақмола облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментінің басшысы  мен оның екі сыбайласына қатысты алаяқтық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастаған.
Облыстық ведомство басшысы биыл 18 мамырда екі сыбайласымен қылмыстық келісімге келіп, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыс жүргізу құқығын алуға байланысты мәселені оң шешіп беру үшін бір компанияның қаражатын заңсыз иемденді деген күдікке ілінген.
Кінәларын толық мойындағандарына байланысты, күдіктілер ұсталмаған.

Ақтөбе

Сондай-ақ, Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" ММ басшысына қатысты қызмет бабын  асыра пайдалану күдігі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
Аталған лауазымды тұлға өзінің лауазымдық өкілеттігін пайдалана отырып, ЖШС үшін пайда мен артықшылықтар алу мақсатында, Мұғалжар ауданындағы орта мектептің құрылысы бойынша жұмыстарды мердігерлік ұйымның толық көлемде орындамағанын жете біле отырып, шарттың орындалуын қамтамасыз етуге қарсылық білдірген.
20 мамырда күдікті ҚР ҚІЖК 128-бабына сәйкес ұсталып, Ақтөбе қаласындағы уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Алматы 

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Қорғаныс Министрлігінің Әскери-техникалық мектебінің Алматы филиалы директорының орынбасары мен Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бөлім бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.Олар алдын ала сөз байласып, алдау және азаматтың сеніміне қиянат жасау арқылы аталған мектепте әскери қызметтен өтпегені туралы мәселені шешу сылтауымен 150 000 теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.
Сонымен қоса, директордың аталған орынбасары әскери қызметті өтемеу туралы мәселені шешу бойынша ұқсас іс-әрекеттер жасағаны үшін 150 000 теңге апар алған. Күдіктілер кінәсін толық мойындады, тергеу жалғасуда.

Қостанай 

Ал Қостанай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қостанай облысы әкімдігінің Экологиялық реттеу бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оған жеке кәсіпкерден қоршаған ортаны қорғау саласындағы шекті рұқсат етілген қалдық төгінділері мен есептілік нормативтерінің жобаларын келісуге өтінімдерді жедел және оң қарағаны үшін 10-50 мың теңгеге дейінгі көлемде бірнеше рет пара алды деген айып тағылып отыр.
Тергеу жалғасуда.

Алматы облысы 

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы облысы аумақтық инспекциясының "Талдықорған" көліктегі фитосанитарлық бақылау бекетінің бас маманына қатысты 2020 жылғы 4 наурыз мен 19 мамыр аралығында кәсіпкерлерден, олардың өкілдерінен және жеке тұлғалардан жүкті тексерусіз өткізу және жалпы қамқорлығы үшін "KASPI GOLD" карточка шотына аудару арқылы жүйелі негізде жалпы сомасы 73 000 теңге пара алды деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

Сонымен қатар аталмыш қызмет "Еңбекшіқазақ ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ бұрынғы директорына қатысты лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.Сонымен, күдікті жеке бас пайдассы үшін ҚМУ қызметкерлеріне азаматтардың нақты қатысуынсыз оларды жұмыссыз ретінде тіркеу, сондай-ақ әрі қарай «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасында» көзделген әлеуметтік жұмыс орындарына жіберутуралы заңсыз нұсқау берген.Тергеу жалғасуда.

Жамбыл облысы 

Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шу ауданы әкімдігі бөлімдерінің бірінің басшысы мен осы бөлімнің құрылымдық бөлімшесінің директорына қатысты Шу ауданының елді мекендеріндегі су құбыры желілерін ағымдағы жөндеуге арналған 2 млн.теңге көлемсінде бюджет қаражатын жымқырды деген күдік бойынша іс бастаған. 

Сондай-ақ, Шу ауданы әкімдігінің аталған бөлім басшысы пара алды деген күдікке ілінген. 
Кінәсін толық мойындағанына және күдіктілердің қылмыстық қудалау органына келу туралы міндеттеме беруіне байланысты ұсталмаған. 

Қарағанды облысы

Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "ҚТЖ ҰК – Жүк тасымалы" АҚ - "БП Қарағанды бөлімшесі" филиалының лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Олар қызметкерлерге іссапар шығындарын негізсіз аударып отырған.

Күдіктілерге қатысты көрсетілген қылмыстық істер бойынша қаншалықты кінәлі екені соттта шешілетін болады. Айта кетейік, өткен аптада 11 сот үкімі шығарылып, түрлі деңгей мен әр саладағы мемлекеттік органдардың 12 лауазымды тұлғасы сотталды.

banner_wsj.gif

Министры на пересчет

«Курсив» изучил биографии членов правительства РК

Фото: Shutterstock

Усредненный представитель казахстанского кабинета министров чуть моложе 50 лет, с 91% доли вероятности – мужчина (женщин в правительстве всего две – это министр информации и общественного развития РК Аида Балаева и министр культуры и спорта РК Актоты Раимкулова).

Так 64% представителей кабмина – это уроженцы городов. Из горожан больше всего тех, кто родился в крупнейшем городе страны – Алматы. Таких шесть человек: Алихан Смаилов, Ерлан Тургумбаев, Актоты Раимкулова, Бахыт Султанов, Магзум Мирзагалиев и, вероятно, Ерулан Жамаубаев. Последний в своей официальной биографии локального места рождения не указывает, отмечая лишь Казахстан. К алматинцам можно также отнести и министра информации Аиду Балаеву, которая хоть и родилась селе Жамбыл Алматинской области, до начала 2000-х годов проживала в бывшей столице Казахстана и училась в одной школе со своим предшественником Дауреном Абаевым.

Условное второе место в правительстве Казахстана делят между собой уроженцы Шымкента и ставшего столичным Нур-Султана, бывшего Целинограда. Шымкент представляют министр обороны Нурлан Ермекбаев и министр юстиции Марат Бекетаев, столицу Казахстана – премьер-министр Аскар Мамин и министр национальной экономики Руслан Даленов. 

Если смотреть на нынешний состав правительства в региональном разрезе, то окажется, что явно доминирующее положение занимают представители четырех южных областей Казахстана – 15 человек из 22 членов кабинета министров. Остальные регионы представлены одним-двумя членами правительства. Есть среди министров и уроженец России. Это министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Аскар Жумагалиев, который родился в Оренбургской области.

Любопытный факт: среди министров немало детей медицинских работников. Пойти по стопам своих отцов могли не только нынешний министр здравоохранения Елжан Биртанов, но и первый заместитель премьер-министра Алихан Смаилов, министр торговли и интеграции Бахыт Султанов и министр национальной экономики Руслан Даленов.

Почти все представители казахстанского кабмина имеют высшее образование по двум-трем специальностям. Для трети правительства первым образованием стало инженерное. Диплом экономиста (это может быть как первое, так и второе образование) есть у десяти членов казахстанского правительства, восемь человек являются дипломированными юристами. Причем трое попадают в обе эти группы, то есть имеют диплом и юриста, и экономиста. У троих членов кабмина есть педагогическое образование, еще двое – обладатели дипломов философского факультета.

ministry-na-pereschet111.jpg

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_kaz.png