Пандемия бітсе, оқушылар мектепке оралады

Жарияланды
Қашықтан оқыту тек Соvid-19 індеттінің таралмауы үшін 

Мектеп қабырғасында дәстүрлі форматта оқыту дұрыс шешім болып табылады. Егер эпидемиологиялық жағдай мүмкіндік беретін болса, жаңа оқу жылы мектеп қабырғасында өтеді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министірлігінің телеграм каналы хабарлады.

Қашықтан оқыту форматына көшу Соvid-19 әлемдік пандемиясына байланысты қолдануға мәжбүр болған амалсыз шара. Болашақта осындай  жағдайларға дайын болу керек.

Қашықтан оқыту технологияларын дамытуды және мектептерді ақпараттандыруды жүргізу қажет.

Бұл жұмыстар:

*Ауа райының қолайсыздығынан оқушылардың білім алуын үзбеу керек;

*Денсаулық жағдайларына байланысты үйде оқитын балалар үшін тиімді оқыту ұйымдастырылады;

*Қашықтан оқыту технологияларын қосымша құрал ретінде қарастырып, бағдарламалардың икемділігін қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.

Сондай-ақ оқыңыз