Нұр-Сұлтанда теміржол вокзалдары жолаушылар тасымалына дайын

Жарияланды
Күту залдарында санитайзерлер орналастырылған

Қазақстан Республикасы ИИДМ Көлік комитетімен жолаушылар вагондары жəне Нұр-Сұлтан қаласындағы темір жол вокзалдардың пандемия жағдайында тасымалдаудың жүзеге асыру дайындығы қаралды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

 

Қазақстан Республикасы ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Ж.Ж. Тайжанов жəне «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдерімен жолаушылар вагондары жəне Нұр-Сұлтан қаласындағы темір жол вокзалдардың пандемия жағдайында тасымалдаудың жүзеге асыру дайындығы қаралды.

 

Жалпы, көліктегі Бас санитарлық дəрігердің нұсқаулары бойынша жолаушылар вагондарында жəне Нұр-Сұлтан қаласындағы вокзалдарда қажетті іс-шаралар жасалды.

 

Жекелеп алғанда, Нұрлы Жол және Нұр-Сұлтан-1 вокзалдары жолаушыларды реттеу сызықтарымен қамтылған. Ара қашықтықты сақтау белгілері орнатылған. Күту залдарында санитайзерлер орналастырылған. Əрбір жолаушылар вагондары гигиеналық сұйықтық жəне қорғаныс құрылғыларымен қамтылған.

Жалпы, атқарылған іс-шаралар пандемия кезінде жолаушылар тасымалын максималды түрде қауіпсіз тасымалдауға мүмкіндік береді.
 

Сондай-ақ оқыңыз