Мәжіліс өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы заң жобасын мақұлдады  

Жарияланды
Бұл заң мемлекеттік бюджетке салмақ салмайды 

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.  Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдылық даму министрлігінің телеграм каналы хабарлады.

Мәжілістің пленарлық отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы бойынша баяндама жасады.  

Заң жобасы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама нормаларын жетілдіру, қауіпті объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды іске асыру тиімділігін арттыруға, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыс істеуге тартылатын аттестатталған және апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша қызмет көрсететін ұйымдар қызметін реттеуге бағытталған.

Ол қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінен азаматтардың қорғалу деңгейін арттыруға, қауіпті өндірістік объектілердегі жарақаттану деңгейін төмендетуге, апат нәтижесінде үшінші тұлғаларға зиян келтіру ықтималдығын төмендетуге, қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Заң жобасын қабылдау мемлекеттік бюджет қаражатынан қосымша қаржылық шығындарға әкелмейді.
 

Сондай-ақ оқыңыз