Халыққа жалған ақпарат таратқан полициялар жазаға тартылды

ІІМ басшысы Алматы ІІД басшылығына қатысты қатаң шаралар қабылдады

Фото;Polisia.kz.

ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев Алматы ІІД басшылығына қатысты қатаң шаралар қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
 ІІМ 25 мамырда Алматы облысындағы блок-бекетте  болған қайғылы оқиғаның себеп-салдарын анықтады. Осы оқиғада екі полиция қызметкері қаза тапқан болатын.Тексеріс кезінде жеке құрам арасында алдын алу жұмыстарын жүргізуде олқылықтар болғаны анықталды. Тәртіп бұзған қызметкерлерге қатысты дер кезінде тиісті шаралар қолданылмаған. Сонымен қатар, БАҚ-қа ақпаратты бұрмалап ұсыну фактілеріне баға берілді. Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен басшылық қызметте жүрген тоғыз полицейге қатысты тәртіптік жазалау шарасы қабылданды.
 – Алматы қаласы ПД Патрульдік полиция полкі командирінің орынбасары полиция подполковнигі Қ.Е. Сатаев; 
– Алматы қаласы ПД Кадр саясаты басқармасының басшысы полиция полковнигі О. С. Мырзабеков;
 – Алматы қаласы ПД Жеке құрам бойынша инспекция басшысы полиция подполковнигі А.О. Ақылбеков атқарып жүрген лауазымдарынан босатылды.
 – Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция қызметінің басшысы полиция полковнигі М. А. Саттаровқа (бұрын полк командирі қызметін атқарған);
 – Алматы қаласы Өзіндік қауіпсіздік басқармасының басшысы полиция подполковнигі С.О. Көкірекбаевқа; – Алматы қаласы ПД басшысының орынбасары полиция полковнигі А.А. Нашарбековке қызметіне толық сәйкес еместігі ескертілді.
 – Алматы қаласы ПД басшысының бірінші орынбасары полиция полковнигі Н. С Алмасбековке, Алматы қаласы ПД-нің бөлім басшысы полиция подполковнигі С.К. Әзірбекке қатаң сөгіс жарияланды. Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қ.Д.Таймерденовке сеніп тапсырылған бөлімшенің қызметін ұйымдастырудағы кемшіліктері үшін қатаң сөгіс жарияланды.

 Әрбір басшы өзінің қарамағындағыларға жауапты. Ол жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты сақтауды қамтамасыз етеді. Бұл жұмыс Алматы қаласының Полиция департаментінде тиісті деңгейде ұйымдастырылмаған. Нәтижесінде біз бірден екі қызметкерден айырылып қалдық, бір қызметкер ауыр дене жарақатын алды. Біздің барлығымыз үшін, әсіресе, туған-туысқандарымыз үшін бұл – үлкен қайғы-қасірет және орны толмас қаза. Сондықтан бұл төтенше жағдайға жол берген басшыларға тиісті шаралар қабылданды. ІІМ басшылығы алдағы уақытта да қызметтік тәртіпті сақтауды қатаң талап етіп, полиция қызметкерлерінің кез келген тәртіп бұзушылығына принципті баға беріп, жаңа жағдайда жұмы істегісі келмейтін немесе жұмыс істей алмайтын адамдардан өз қатарын тазалайтын болады, – деп атап өтті Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

banner_wsj.gif

Әлем елдерінің парламентінде гендерлік теңдік сақтала ма?

Соңғы 25 жылда әйелдердің үлесі 2 есе өскен

Фото: Асқар Ахметуллин

Соңғы 25 жылда парламенттегі әйелдердің үлесі екі есе өскен. Халықаралық парламент одағының (Inter-Parliamentary Union) мәліметі бойынша, бүкіл әлемдегі сайланбалы заң шығарушы органдардағы орынның 25 пайызы әйелдерге тиесілі. 

1995 жылдары парламенттегі әйелдердің үлесі бойынша Скандинавия және басқа да дамыған мемлекеттер көшбасшы болып, бірінші орында Швеция тұрған. Қазіргі кезде парламенттегі әйелдер саны бойынша Шығыс Африкада орналасқан Руанда көш бастап тұр. 

Төменгі палатадағы депутаттық 80 орынның 49-ын әйелдер иеленген, соның ішінде 24 орын әу баста-ақ әйел адамдар үшін арнайы квота ретінде бөлінеді. Дүниежүзілік экономикалық форумның байламы бойынша, 2015 жылы Руанда Үкіметі әлемдегі ең нәтижелі биліктің ондығына енген.

Куба Республикасының бір палаталы парламентіндегі 605 депутаттың 322-і – әйелдер, бұл мемлекетте биліктегі әйелдердің үлесі өте жоғары. Одан кейінгі орында Боливия тұр, онда парламен төменгі палатасының 53,3 пайызын әйелдер құрайды. 2019 жылдан республиканы ел тарихындағы алғашқы әйел-президент Жанин Аньес басқарып келеді. 

Ал төртінші орында – Біріккен Араб әмірліктері. Бұл елде парламеттің қызметін ұлттық аймақтық кеңес атқарады, онда президент резолюциясы бойынша әйел адамдарға 50 пайыз квота бөлінген. БАӘ ұлттық кеңесі – заң шығарушы орган емес. Тек заңды талқылау мен оған өзгертулер мен толықтыру енгізуге құқылы. 

Ал Швеция қазір жетінші орынға түсіп кеткен. Ел парламентіндегі әйелдердің үлесін арттыру бағытында соңғы ширек ғасырда Оңтүстік және Солтүстік Америка елдері қарқынды дамыды. Бұл ретте Тынық мұхиты аймағындағы мемлекеттерде алға жылжу аз. Мәселен, Папуа-Жаңа Гвинея және Вануату сынды мемлекеттердің парламентінде әйел адамдар мүлдем жоқ. 

Ал ТМД елдері арасында парламенттегі әйелдер саны бойынша бірінші орында Беларусь келеді, ал әлем елдері арасында –22 орында. Бұл елде парламент төменгі палатасындағы әйел депутаттардың саны 40 пайызды құрайды.

aiel.png

Осы ретте әйелдердің сайлау процесіне қатысуы елдегі саяси еркіндіктің кепілі бола алмайтынын айта кеткен жөн. Айталық, Руанданың өзі Freedom House тұжырымы бойынша, еркіндік рейтингіндегі 100 балдың тек 22-сін жанап, еркіндік жоқ елдердің қатарына кірген. Ал Араб әмірліктеріндегі еркіндік деңгейі 17 баллға бағаланса, Куба Республикасында тіптен төмен – бар-жоғы 14 балл. 

Кейбіл елдерде парламенттегі әйелдер санының артуын арнайы квота енгізілуімен түсіндіруге болады. Парламентаралық кеңестің бас хатшысы Мартин Чунгонг  квота енгізілген елдерде әйелдер өз қабілеттерін барынша көрсете алатынын атап өткен.

Әйелдердің сайлау процесіне қатысуына кепіл берілуі көптеген елдерде өз нәтижесін беріп келеді. Биліктің сайланбалы органдарында әйелдер үшін арнайы квота бөлу тәжірибесі әлемнің 104 елінде қолданылады. 
 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg