Қазақстанда ет өндірісі 3,7%-ға артты

Жарияланды
 Мал шаруашылығына ерекше көңіл бөлініп жатыр

Қазір өндіріс көлемін ұлғайтуға ғана емес, мал шаруашылығының тиімділігі мен өнімділігі деңгейін арттыруға да көбірек көңіл бөлінуде. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы хабарлады.

Ет өндірісі 3,7%-ға артып, 149,4 мың тоннаны құрады (оның ішінде сиыр еті 62.2 мың тонна, қой еті 15,5 мың тонна, шошқа еті 15,1 мың тонна, жылқы еті 15,9 мың тонна, құс еті 38,2 мың тонна), тауарлық сиыр сүті 4,0%-ға артып, 334,9 мың тоннаға дейін жетті. 

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің мәліметтері бойынша 2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда шұжық өнімдерін өндіру көлемі 21,1%-ға, ет және ет-өсімдік консервілерін өндіру 1,7%-ға, өңделген балық өндірісі 2 есе, консервіленген балық өндіру 62,1%-ға, өңделген сүт 3,7%-ға, ақ май 14,5%-ға, ашытылған сүт өнімдерін өндіру 6,4%-ға, қатты ірімшік өндіру 9,9%-ға, құрғақ сүт өндіру 30,7%-ға артқан. 

Сондай-ақ оқыңыз