Қазақстан вируспен күрес бойынша Орта Азия аймағында көш бастап тұр

“The Washington Time” елімізді антипандемиялық модель деп таныды

Фото:Shutterstock

“The Washington Time” Қазақстандағы коронавирусқа қарсы күрес шараларын  жоғары бағалап,  оны Орта Азияға үлгі болатын антипандемиялық модель деп таныды. Бұл туралы “The Washington Time” сайтында хабарланды.

Елімізде COVID-19  алдын алу мен қиын кезде медицина қызметкерлерін қаржылай қолдауға ерекше көңіл бөлді.

Жаңа коронавирус бүкіл әлемге тарап, қауіпті індеттің Қазақстанды да айналып өтпегенін жұрт жақсы біледі. Бұл жағдай жалпы адамзатқа аса ауыр тиді. Азаматтар тұрақты табысы мен жұмысынан уақытша айырылды. Енді біреулердің өмірі, тіпті, күл-талқан болды. Алайда, мұндайда ел Үкіметі қарап қалмады, азаматтарды инфекциядан қорғау үшін және экономикалық проблемаларды жеңуге көмектесу мақсатында маңызды шешімдер қабылданды. Сөйтіп, мемлекетіміз вируспен күрес бойынша Орта Азия аймағында көш бастап тұрмыз.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аурудың алдын алу үшін және Қазақстан экономикасын қолдау үшін табанды еңбек етті. Екі жақты қолдау өз нәтижесін де көп күттірмеді. Қазақстанда COVID-19 пандемиясы әлемнің басқа елдеріндегідей геометриялық прогрессияда өсіп жатқан жоқ.  Бұл әрекетті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен басқа да халықаралық сарапшылар да оң бағалады.

Неге? Өйткені Үкімет о бастан жәдел әрекет етті. Елімізде ерте кезеңнен қатаң карантин жарияланды. Қоғамдық көліктер тоқтады, мекемелердің көбі қашықтан жұмыс істеуге көшті, ал көшелер мен тұрғын үйлер жиі дезинфекцияланды. Зардап шеккен азаматтарға  дер кезінде көмек көрсетілді. Міне, осы шаралар вирустың таралауын айтарлықтай тежеді.


 

banner_wsj.gif

Әлем елдерінің парламентінде гендерлік теңдік сақтала ма?

Соңғы 25 жылда әйелдердің үлесі 2 есе өскен

Фото: Асқар Ахметуллин

Соңғы 25 жылда парламенттегі әйелдердің үлесі екі есе өскен. Халықаралық парламент одағының (Inter-Parliamentary Union) мәліметі бойынша, бүкіл әлемдегі сайланбалы заң шығарушы органдардағы орынның 25 пайызы әйелдерге тиесілі. 

1995 жылдары парламенттегі әйелдердің үлесі бойынша Скандинавия және басқа да дамыған мемлекеттер көшбасшы болып, бірінші орында Швеция тұрған. Қазіргі кезде парламенттегі әйелдер саны бойынша Шығыс Африкада орналасқан Руанда көш бастап тұр. 

Төменгі палатадағы депутаттық 80 орынның 49-ын әйелдер иеленген, соның ішінде 24 орын әу баста-ақ әйел адамдар үшін арнайы квота ретінде бөлінеді. Дүниежүзілік экономикалық форумның байламы бойынша, 2015 жылы Руанда Үкіметі әлемдегі ең нәтижелі биліктің ондығына енген.

Куба Республикасының бір палаталы парламентіндегі 605 депутаттың 322-і – әйелдер, бұл мемлекетте биліктегі әйелдердің үлесі өте жоғары. Одан кейінгі орында Боливия тұр, онда парламен төменгі палатасының 53,3 пайызын әйелдер құрайды. 2019 жылдан республиканы ел тарихындағы алғашқы әйел-президент Жанин Аньес басқарып келеді. 

Ал төртінші орында – Біріккен Араб әмірліктері. Бұл елде парламеттің қызметін ұлттық аймақтық кеңес атқарады, онда президент резолюциясы бойынша әйел адамдарға 50 пайыз квота бөлінген. БАӘ ұлттық кеңесі – заң шығарушы орган емес. Тек заңды талқылау мен оған өзгертулер мен толықтыру енгізуге құқылы. 

Ал Швеция қазір жетінші орынға түсіп кеткен. Ел парламентіндегі әйелдердің үлесін арттыру бағытында соңғы ширек ғасырда Оңтүстік және Солтүстік Америка елдері қарқынды дамыды. Бұл ретте Тынық мұхиты аймағындағы мемлекеттерде алға жылжу аз. Мәселен, Папуа-Жаңа Гвинея және Вануату сынды мемлекеттердің парламентінде әйел адамдар мүлдем жоқ. 

Ал ТМД елдері арасында парламенттегі әйелдер саны бойынша бірінші орында Беларусь келеді, ал әлем елдері арасында –22 орында. Бұл елде парламент төменгі палатасындағы әйел депутаттардың саны 40 пайызды құрайды.

aiel.png

Осы ретте әйелдердің сайлау процесіне қатысуы елдегі саяси еркіндіктің кепілі бола алмайтынын айта кеткен жөн. Айталық, Руанданың өзі Freedom House тұжырымы бойынша, еркіндік рейтингіндегі 100 балдың тек 22-сін жанап, еркіндік жоқ елдердің қатарына кірген. Ал Араб әмірліктеріндегі еркіндік деңгейі 17 баллға бағаланса, Куба Республикасында тіптен төмен – бар-жоғы 14 балл. 

Кейбіл елдерде парламенттегі әйелдер санының артуын арнайы квота енгізілуімен түсіндіруге болады. Парламентаралық кеңестің бас хатшысы Мартин Чунгонг  квота енгізілген елдерде әйелдер өз қабілеттерін барынша көрсете алатынын атап өткен.

Әйелдердің сайлау процесіне қатысуына кепіл берілуі көптеген елдерде өз нәтижесін беріп келеді. Биліктің сайланбалы органдарында әйелдер үшін арнайы квота бөлу тәжірибесі әлемнің 104 елінде қолданылады. 
 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg