Италия әуежайында «ақылды» шлем іске қосылды

Жарияланды
Бұл 7 метр қашықтықтан жолаушылардың дене қызуын тексеретін құрал

Италияның ірі әуежайы  7 метр қашықтықтан қозғалыс кезінде жолаушылардың дене температурасын өлшей алатын «ақылды» шлемді сынап көруде. Бұл туралы Мемлекеттік комисияның телеграм каналы хабарлады.

Адамның инфрақызыл бейнесі мен оның дене қызуының көрсеткіштері құрылғының ішкі экранында, оң жағында көрініп тұрады, ал сол көз жағы бос тұрады. Аталған инновациялық шлемдерді қауіпсіздік қызметінің мамандары киіп жүреді. Осылайша, келіп жатқан, кезекте тұрған адамдарды байланыссыз тексере алады. 

Италия карантин режимін біртіндеп бәсеңдетіп жатыр. Мұнда 18 мамырдан бастап барлар мен мейрамханалар ашыла бастайды. Бұл елде коронавирусты жұқтырғандардың жартысынан көбі сауығып шықты. Жалпы, 222 мың адам қауіпті вирусты жұқтырған болса, олардың 113 мыңға жуығы жазылып шықты. Ал вирустың кесірінен көз жұмғандар саны — 31 106 адам.  

Сондай-ақ оқыңыз