Еліміздегі қиқы-шойқы жолдар жөнделетін болды

Жарияланды
1 мыңнан астам шақырым жолды жөндеуге қаржы бөлінген

2020 жылы республикалық маңызы бар жолдардың 1089 шақырымы қалпына келтіріледі. Былтыр бұл көрсеткіш 1101 шақырым болған еді.  Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің телеграм арнасы хабарлады.

Жолдардың 546 шақырымы ресайклинг әдісімен жөнделсе, кедірлі-бұдырлы беттік өңдеумен жолдардың 287 шақырымы қамтылады. Асфальт-бетон жабындысы жолдардың 172 шақырымында жаңартылып, 85 шақырым жол микросюрфейсинг технологиясымен жөнделеді.

 
Биыл жөнделетін жолдардың біразы Қарағанды облысына тиесілі болады. Мұнда «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы», «Қызылорда-Павлодар», «Жайрем-Қаражал-Атасу», «Жезқазған-Петропавл», «Ақшатау-Ағадыр-Ортау», «Қызылорда-Павлодар», «Нұр-Сұлтан – Қабанбай батыр – Энтузиаст – Киевка – Теміртау» және «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз» жолдары жөнделеді деп жоспарланған. Орташа жөндеуден өтетін жолдардың жалпы ұзындығы – 279 шақырым.
 

Сондай-ақ оқыңыз