Skip to main content

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы 18-19 мамырда өтеді

Оған Елжан Біртанов қатысады

Фото:Shutterstock

Осындай аса маңызды әрі ықпалы зор халықаралық медициналық форумда қаралатын басты мәселе — коронавирусқа қарсы күрес және осы инфекцияға қарсы вакцина әзірлеу. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы телеграм каналында хабарлады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының қарсаңында әлемнің 140-тан астам көшбасшысы, сарапшылары мен аға буын ашық хатқа қол қойды, онда олар COVID-19 вакциналары, диагностикалық препараттары, тестілері мен емдеу тәсілдері кез-келген адамға және барлық жерде ақысыз қамтамасыз етілуіне кепілдік беруге шақырды.

Биыл 73-ші World Health Assembly конференциясы коронавирус пандемиясына байланысты виртуалды түрде өтеді.
 

banner_wsj.gif

Тұрғындар сақтық шараларын сақтамаса, карантинді қатаңдатуға тура келеді

Карантинде инфекцияның таралуы төмендеп, шектеуді алып тастаса, қайта көтеріледі

Фото:ortcom.kz

ДДСҰ тұжырымы бойынша әлемде коронавирус пандемиясы әлі біткен жоқ. Қазақстанда ол толқынды түрде келе жатыр. Карантинде инфекцияның таралуы төмендесе, шектеуді алып тастаған кезде, қайта көтеріледі. Осы ретте қазақстандықтар сақтық шараларын қатаң сақтамаса, карантинді қайта қатаңдатуға туралы келеді деп мәлімдеді бүгін онлайн брифинг барысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

«Біріншіден, әр адам 2 метр әлеуметтік арақашықтықты сақтауы тиіс. Жұмыс орнында және сыртқа шыққанда әлеуметтік арақашық сақтау керек. Екіншіден, пандемияны тоқтату үшін қазіргі уақытта маска тағу өте маңызды. Әрине, жеке бас тазалығын сақтау өте маңызы мәселе. Індет ауамен ғана емес, қол арқылы да жұғады»,– деді Елжан Біртанов.

Қазіргі кезде Қазақстанда  COVID-19 инфекциясын 9300-ден астам адам жұқтырған. Оның жартысынан астамы, яғни 4613 науқас  емделіп ауруханадан шықса, 37 науқас коронавирус инфекциясы салдарынан қайтыс болды. 4653 адам  ем алып жатыр, оның ішінде 355 бала бар.

«Осы науқастардың 85%-ның жағдайы жеңіл (симптомсыз), 13%-ның жағдайы орташа, 1,5 пайызының, яғни 58 адамның жағдайы ауыр. 19 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында  жатыр. Соңғы екі аптада күнделікті өсім деңгейі 5 пайыздан аспады. Соған қарамастан кейбір өңірлерде коронавирус диагнозымен тіркелген науқастардың саны артты. Мәселен, Атырау, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстары бойынша және Шымкент қаласында. Бұл өңірлерде инфекця жұқтырған науқастар  – ірі кәсіпорындардың қызметкерлері. Айталық, бір ғана Теңіз кен орнында 1063 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды», – деді министр. 

Министрдің айтуынша, Қарағанды облысында  –358 науқас, ал Шымкент қаласындағы «ПетроҚазақстан» ұйымында  – 219, Нұр-Сұлтан мен Түркістан қаласындағы құрылыста 80-нен астам науқас тіркелген.

«Сонымен қатар Алматы мен Жамбыл облыстарындағы әскери ұйымдардың ішінде де көп науқас тіркелді. Себебі белгілі. Карантин кезінде біз, жалпы халық үйде отырған кезде кейбір жұмысшылар, мысалы медицина қызметкерлері, әскери адамдар және жұмысы тоқтатылмайтын кәсіпорындарда жұмысшылар жұмыс істеген соң, инфекция таралуы тәуекелі жоғары болды да, осындай жағдай тіркеліп отыр»,  деді Елжан Біртанов.

Еліміздің бас дәрігерінің айтуынша, коронавирус жұқтырған науқастардың арасында ауырып, анық симптоммен келген адамдардың саны 15-16 пайыз көлемінде ғана екен.

«Ал науқастардың 70 пайызы симптомсыз тіркелген. Себебі бұл науқастарды табу үшін Денсаулық сақтау министрлігі және жергілікті әкімшіліктер алдын алу скринингін өткізіп жатырмыз. Президенттің тапсырмасы бойынша қазіргі күні скринингтің көлемін тәулігіне бастапқы 4 мыңнан  25 мың тестке көтердік. Жалпы осы эпидемия басталғаннан бері елімізде 711 мың тест өткізілді. Олардың 260 мыңнан астамы, жалпы 40 пайызын алдын алу скринингі деп айтуға болады. Осы шара барысыда біраз науқастарды тауып, изоляцияға жіберіп жатырмыз»,– деді министр брифинг барысында.

Бұл ретте Біртанов азаматтардан неліктен ауырмаса да оқшауландырып жатқаны жайлы көптеген сауал түсіп жатқанын айтып өтті. 

«Бұл - өте маңызды мәселе. Себебі – осындай симптомсыз аурулар инфекцияны басқа азаматтарға жұқтыруы ықтимал. Ол белгілі жағдай. Сондықтан бұл жерде алдын алу маңызды. Еш белгісз ауырып жүргшен азаматтарды тауып, оқшауландырсақ, эпидемияны тоқтатуға мүмкіндік бар», – деді министр. 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_kaz.png