COVID-19-ға қарсы вакцинаны дайындауға аз уақыт қалды

Жарияланды
 Бұл туралы екі шетелдік ғалым хабарлады

Израиль мен Нидерланды эпидемиологтары жаңа үлгідегі коронавирус инфекциясына қарсы вакцина жақын арада әзірленетінін мәлімдеді. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы телеграм каналында хабарлады.

Олар коронавирусты бейтараптандыруға, оның адам ағзасының жасушаларына енуіне ықпал ететін «тікенді» ақуызын жоюға қабілетті вирусқа қарсы денелерді тапқанын жария етті.
 
Дәлел ретінде айтар болсақ, Израильде коронавируспен ауыру жағдайы айтарлықтай төмендеді. Күн сайын вирусты жұқтырғандар саны азайып келеді.
Израильде сауда орталықтары, базарлар, жаттығу залдары жұмысқа қайта кірісті.
 

Сондай-ақ оқыңыз