Блокбекеттерде экспресс-тест нәтижелерін көрсету талап етілмейді

Жарияланды
12 мамырдан бастап InfoAlmaty.kz өтініштерді қабылдайды

Блокбекеттерде ПТР немесе экспресс-тест нәтижелерін көрсету талап етілмейді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.   

Қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев Алматыда карантиндік режим сақталатынын атап өтті. Тиісінше, барлық блокбекеттер жұмыс істейді, аймақ бойынша қозғалу шектеулі. Сонымен қатар облыстан жұмыс күшін тартуға рұқсат етіледі.

«Басты шарт: қызметі рұқсат етілген кәсіпорындарға ғана бекеттер арқылы Алматыға өз қызметкерлерін жұмысқа тартуға рұқсат етілген. Олар қолданыстағы алгоритм бойынша тіркеуден өтуі қажет», – деді Сапарбек Тұяқбаев.

Скикер 12 мамырдан бастап InfoAlmaty.kz веб-сайты арқылы қызметкерлерді тіркеуге өтініштер қабылданатынын жеткізді. 

«Бұрынғыдай, бізге олардың ЖСН және көлік құралдарының мемлекеттік нөмірлері қажет. Тіркеу және мақұлдау алғаннан кейін, блокпостарда, жеке куәліктердегі штрих-кодтар арқылы полицейлер жол жүруге рұқсат беретін болады. Біз кәсіпорындарға өз қызметкерлеріне экспресс-тест және ПТР-тест жасауға кеңес береміз, себебі бұл олардың мүддесі үшін. Өйткені, оларды жұқтыру анықталған кезде бизнес жабылатын болады», – деді Сапарбек Тұяқбаев.

Сондай-ақ, ол стратегиялық маңызды кәсіпорындардың қызметкерлері арасында іріктемелі экспресс-тест жүргізілетінін атап өтті.

Сұлулық салондарының қызметіне тоқталатын болсақ, әкім орынбасары атап өткендей, олардың барлығы тексеруден өтуі керек. 

«Қала бойынша барлығы екі мыңнан астам адам бар. Біз асықпаймыз, бізде қызметкерлер саны жеткілікті, әрбір ауданда жұмыс комиссиялары жұмыс істейді. Біз алдымен өтінімдерді қабылдап, аудит жүргіземіз. Комиссия олардың сәйкестігін тексергенде және барлық нормалар мен бизнес процестерді мақұлдағанда, содан кейін олар сайтта тіркеуден өтіп, өз қызметкерлерін қала маңынан жұмысқа тарта алады», – деді Сапарбек Тұяқбаев.
 

Сондай-ақ оқыңыз