Skip to main content

Блокбекеттерде экспресс-тест нәтижелерін көрсету талап етілмейді

12 мамырдан бастап InfoAlmaty.kz өтініштерді қабылдайды

фото: kursiv.kz

Блокбекеттерде ПТР немесе экспресс-тест нәтижелерін көрсету талап етілмейді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.   


Қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев Алматыда карантиндік режим сақталатынын атап өтті. Тиісінше, барлық блокбекеттер жұмыс істейді, аймақ бойынша қозғалу шектеулі. Сонымен қатар облыстан жұмыс күшін тартуға рұқсат етіледі.

«Басты шарт: қызметі рұқсат етілген кәсіпорындарға ғана бекеттер арқылы Алматыға өз қызметкерлерін жұмысқа тартуға рұқсат етілген. Олар қолданыстағы алгоритм бойынша тіркеуден өтуі қажет», - деді Сапарбек Тұяқбаев.

Скикер 12 мамырдан бастап InfoAlmaty.kz веб-сайты арқылы қызметкерлерді тіркеуге өтініштер қабылданатынын жеткізді. 

«Бұрынғыдай, бізге олардың ЖСН және көлік құралдарының мемлекеттік нөмірлері қажет. Тіркеу және мақұлдау алғаннан кейін, блокпостарда, жеке куәліктердегі штрих-кодтар арқылы полицейлер жол жүруге рұқсат беретін болады. Біз кәсіпорындарға өз қызметкерлеріне экспресс-тест және ПТР-тест жасауға кеңес береміз, себебі бұл олардың мүддесі үшін. Өйткені, оларды жұқтыру анықталған кезде бизнес жабылатын болады», - деді Сапарбек Тұяқбаев.

Сондай-ақ, ол стратегиялық маңызды кәсіпорындардың қызметкерлері арасында іріктемелі экспресс-тест жүргізілетінін атап өтті.

Сұлулық салондарының қызметіне тоқталатын болсақ, әкім орынбасары атап өткендей, олардың барлығы тексеруден өтуі керек. 

«Қала бойынша барлығы екі мыңнан астам адам бар. Біз асықпаймыз, бізде қызметкерлер саны жеткілікті, әрбір ауданда жұмыс комиссиялары жұмыс істейді. Біз алдымен өтінімдерді қабылдап, аудит жүргіземіз. Комиссия олардың сәйкестігін тексергенде және барлық нормалар мен бизнес процестерді мақұлдағанда, содан кейін олар сайтта тіркеуден өтіп, өз қызметкерлерін қала маңынан жұмысқа тарта алады», - деді Сапарбек Тұяқбаев.
 

banner_wsj.gif

Қазақстанда бірыңғай тұрғын үй операторы құрылады

Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ және «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ бір компанияға бірктіріледі

Фото: shutterstock.com

Бүгін Сенат депутаттары палатаның пленарлық отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарады. Парламент аталмыш заң жобасын қабылдап, құжат мемлекет басшысы қол қоюына жолданды.

Заң жобасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауындағы тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту туралы тапсырмасына сәйкес әзірленген.

Заң жобасы бойынша баяндама жасаған сенат депутаты Әлімжан  Сейітжанұлының айтуынша, заң жобасы бір-бірінің қызметін қайталайтын «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ және «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ секілді тұрғын үй бағдарламаларының операторларын Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы етіп біріктіріп, жалпы әкімшілік шығыстарын қысқартуға бағытталған.

«2000 жылдан жұмыс істеп келген «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ-ның негізгі міндеті - ипотекалық облигацияларды шығару арқылы екінші деңгейдегі банктерді қайта қаржыландыру», - деді сенатор Әлімжан Құртаев.

Ал 2008 жылы құрылыс саласы үшін қаржы ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Бәйтерек девелопмент» АҚ құрылған. Қазіргі кезде «Бәйтерек девелопмент» АҚ-ның негізгі қызметі револьверлік қаржыландыру қағидаты бойынша жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын сатып алу тетігі арқылы «Нұрлы жер»  мемлекеттік бағдарламасы аясында жалға берілетін және кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға бағытталған.

Енді 2016 жылы тұрғын үй құрылысындағы үлестік салымдардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ құрылған. Тұрғын үй құрылысын аяқтауға кепілдікмен айналысатын қор 2017-2019 жылдары 154,7 млрд теңге көлемінде кепілдік мндеттеме берген.

«Тұрғын үй бағдарламасының үш оператын біріктіру әкімшілік шығындарды 5 млрд теңгеден 8,7 млрд теңгеге немесе 42 пайызға, сондай-ақ қызметкерлердің санын 311-ден 213 адамға қысқартатын болады», - деді сенатор.

 
Сонымен қатар бұл заң жобасы тұрғын үй саласындағы бірыңғай оператор қызметін реттейді. Яғни бірыңғай оператордың ипотекалық қарыз беру; көппәтерлі тұрғын үйлердегі үлесті сатып алуға арналған қарыздарды  кепілдендіру; инвестициялық жобаларды қаржыландыру және іске асыру жөніндегі қызметі реттеледі.

Заңның қабылдануы халықты сапалы және жайлы тұрғын үймен қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған мемлекеттік шараларды одан әрі іске асыруға, оның ішінде құрылыс саласына қолдау көрсетуге, тұрғын үй нарығындағы мен ипотекалық кредиттеудегі сұраныс пен ұсыныстың теңгерімді өсуі үшін жағдай жасау арқылы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_kaz.png