Биылғы түлектердің соңғы қоңырау рәсімі  20 минут өтеді

Жарияланды
Мектеп бітіру іс-шараларын өткізу ережелері хабарланды 

11-сынып түлектеріне аттестаттарды тапсыру және соңғы қоңырау 3-4 маусымда өтеді. Бұл туралы  ҚР Білім және ғылым министірлігі  телеграм каналында хабарлады.

Мектеп бітіру іс-шараларын өткізу бойынша ұсыныстар:

*Іс-шара мектеп аумағында, ашық алаңда әр сынып үшін бөлек өткізіледі, уақыт аралығы – 20 минут;

*Түлектер рәсімге мектеп формасында қатысады;

*Әрбір түлекпен 1 немесе 2 ата-анасы қатыса алады;

*Маскалық режимді міндетті түрде қамтамасыз ету және қашықтықты сақтау керек;

Жол берілмейді:

*Мектеп немесе педагогтерге сыйлық алу үшін ақша жинау;

*Ивент-агенттіктерді, аниматорларды шақыру;

*Мерекелік дастархан жасап, аса салтанатты өткізу;

*Автокөліктерді жалға алып, қала ішінде экскурсия жасау;

*Мейрамхана, дәмхана және көңіл көтеру орындарында отырыс ұйымдастыру; 
 

Сондай-ақ оқыңыз