Skip to main content

Биыл елімізде 31,3 млн тонна мұнай өндірілді

Бұл жоспардың 102,6%-ын құрайды

Фото: Shutterstock

Биыл Қазақстанда 31,3 млн тонна мұнай өндірілді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында энергетика министрі Нұрлан Ноғаев баяндады, - деп хабарлайды primeminister.kz.


Энергетика министрінің айтуынша, есепті кезеңде мұнай өндіру көлемі 31,3 млн тоннаны құрады, бұл жоспардың 102,6%-ы немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 106% құрайды. Мәселен, Теңіз кен орнында мұнай өндіру өсімі 4,1%-ды, Қашағанда - 11,5%-ды, Қарашығанақта өндіру көлемі бір деңгейде сақталып отыр.


Мұнай өңдеу көлемі 5,2 млн тоннаны құрады, бұл жоспардың 96,3%-ын құрайды.


«Бұл сәуір айында Павлодар мұнай өңдеу зауытының жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты қызметін уақытша тоқтатуына байланысты», - деді Н. Ноғаев.


Сонымен қатар, министрдің айтуынша, қазақстандық МӨЗ жұмысына Ресей Федерациясынан жанар-жағар май материалдары импорты, Қазақстаннан алыс және таяу шетелдерге ЖЖМ экспортын қамтамасыз ету, кеден баждары мен акциздерді реттеу, бензин мен дизель отынын мемлекеттік материалдық резервке алу тұрғысынан мемлекеттік комиссияның шешімдері оң әсер етті.


Мұнай экспорты 25,3 млн тонна, бұл жоспардың 115%-ын құрайды. Газ өндіру 20,2 млрд м3, бұл жоспардың 103% құрайды. Табиғи газ экспорты 5,6 млрд м3 құрады.


Осы жылдың 4 айында 37,1 млрд кВт/сағат өндірілді.


«Бүгінгі таңда барлық өңірлерде жылыту маусымы аяқталды. Маусым ауқымды апатсыз өтті», — деді Н. Ноғаев.


Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді төмен бағамен отынмен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау аясында 386 600 тонна дизель отынын сату жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда жоспардың 75,5% орындалды. 
 

banner_wsj.gif

Соңғы бес жылда мемлекет қазынасынан 145,3 млрд теңге ұрланған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет соның 100 млрд теңгесін бюджетке қайтарған

Фото: kursiv.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет соңғы 5 жылда ұрланғаны анықталған 145,3 млрд теңгенің 100 миллиардың мемлекетке қайтартқызған. Бұл жөнінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлімдеді.

Ол соңғы бес жылда мемлекетке келтірілген шығынның қайтарылуы жөніндегі статистиканы айтып өтті. 

"Егер 2015 жылы мемлекетке 5 млрд. теңге өтелсе, осы жылдың тек 5 айында ғана бұл сома 6 есеге артып,  28,2 млрд. теңгеге (анықталғаны – 30,9 млрд. теңге) жеткен. Ағымдағы жылдың 5 айындағы шығын көрсеткіші 2019 жылдың көрсеткішінен асып түскенін атап өткен жөн", - деді Биғайдаров.

Нақты жылдар бойынша алып қарастырсақ, келтірілген шығын мен өтелген қаржы көлемі мынандай:


- 2015 жылы 9,5 млрд шығын анықталып, 4,9 млрд өтелді;
- 2016 жылы 43,6 млрд анықталып, 9,3 млрд өтелді; 
- 2017 жылы 15,8 млрд анықталып, 13,9 млрд өтелді; 
- 2018 жылы 21 млрд анықталып, 18,6 млрд өтелді;
- 2019 жылы 24,5 млрд анықталып, 22,6 млрд өтелді; 
- а.ж. 5 айында 30,9 млрд анықталып, 28,2 млрд өтелді.

Тергеу барысында шығын тек бюджетке қолма қол қаражат жолымен ғана емес, сондай-ақ, құрылыс жұмыстарын орындау, тауарлар жеткізу, қызмет көрсету, жер телімдері мен пәтерлерді мемлекеттік қорға қайтару жолымен де өтеледі.

2019 жылдан бері сыбайлас жемқорлық қылмыстық істері бойынша тәркіленіп, сатылған мүліктің жалпы құны 1 млрд теңгеден асады. 

Сонымен қатар, Агенттіктің сыбайлас жемқорлық қылмыстық істері бойынша тәркіленіп, сатылған мүлікке және қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған мүліктерге (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет істер бойынша) тұрақты түрде мониторинг жүргізеді

Сондай-ақ, қабылданған алдын алу шараларының арқасында  22,3 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделген. 

Мәселен, Түркістан облысында Кентау қаласының Тұрғын үй шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің келісімшарт сомасын 32 млн теңгеден 135 млн теңгеге дейін заңсыз өсіруіне тоқауыл қойылды. 

ТЖ режимін ескере отырып, адамдар жаппай шоғырланатын шараларды (Жамбыл облысындағы мерекелік дастархан, БҚО Бөрлі ауданындағы күрестен республикалық турнир), сатып алуды тоқтату бойынша ұсыныстар енгізіліп, бөлінген қаражат бюджетке қайтарылған.

2016 жылдан бері 2000-нан аса адамға сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сот үкімімен  жалпы сомасы 17 млрд теңге айыппұл салынса, соның 10 млрд теңгеге жуығы бюджетке төленді. 
 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_kaz.png