Биыл ауыл тұрғындарының 87%-ын  ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда 

Жарияланды
Мемлекет бұл жобаға бюджеттен 111,5 млрд. теңге бөлді

Халықты сапалы ауыз сумен және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жалғастыру мақсатында 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде биыл республикалық бюджеттен 111,5 млрд. теңге қарастырылып отыр. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдылық даму министрлігінің телеграм каналы хабарлады.

Бұл  қаражатқа 316 жоба іске асырылады. Нәтижесінде қалаларда халықты ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 97,5% жеткізіледі. Бұл – 10 млн.-нан астам адам.

Ал ауылдық жерлерде аталған көрсеткіш 87,7% жетіп, 6,84 млн. адамды қамтиды. Сондай-ақ, қалаларда ағынды суларды тазартумен қамту 74,9% құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы бұл бағытта 404 жоба жүзеге асырылып, 4078 ауыл сумен қамтылды. Қазіргі уақытта ел бойынша ауыз суға қолжетімділік көрсеткіші – 92,6%.
 

Сондай-ақ оқыңыз