Бетперде кию індетті жаппай жұқтыруға тосқауыл болады

Мамандардың айтуынша адам минутына 3-5 рет бетін байқаусызда кір қолымен ұстайды 

Фото:Shutterstock

 Алматы әкімі Б. Сағынтаев брифингте қаланың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын тұрақтандыру шаралары және санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы айтты.

Төтенше жағдай кезінде өзін-өзі оқшаулау мен карантиндік шараларды іске асыру жұртшылықтың індетті жаппай жұқтыруына тосқауыл болды. Соның арқасында қалалықтар арасында ауыр зардаптар орын алған жоқ.

Індеттен сақтануға ықпал ететін маскаларды көшеде кию жұқтыру тәуекелін азайтады. Сонымен қатар, ДДҰ мәліметі бойынша адамдар минутына орта есеппен 3-5 рет бетін байқаусызда таза емес қолымен ұстайды екен. Ал оның қолында вирустың болуы әбден мүмкін.

Жабық нысандарда болғандардың барлығы міндетті түрде маска киюлері тиіс. Олар — дәріханалар, дүкендер, офистер, медұйымдар, ХҚКО, қоғамдық көлік, COVID-19 қаупі бар жанға көмек көрсеткен кезде міндетті түрде маска киген жөн.

Құрамына Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылайтын Департаменттің аудандық басқармаларының мамандары енген мобильді топтар карантин режимін бұзған нысандарды анықтау үшін сол жерлерге барып, мониторинг жүргізеді.

 Бүгінгі күнге дейін біздің мамандарымыз уақытша карантин талаптарын (масканың, санитайзердің, болмауы, әлеуметтік қашықтықтың сақталмауы және басқалары) сақтамаған азық-түлік нысандарына 69 әкімшілік айыппұл салды және қоғамдық тамақтану орындарына 2 әкімшілік хаттама толтырды және олар сотқа жіберілді.

Азық-түлік емес дүкендер құрамына әкімдіктің, СЭҚ-тің, «Атамекен» РКП қызметкерлері енген жұмыс тобы олардың дайындығын тексеріп, өз бағаларын бергеннен соң ғана ашылады.
 

banner_wsj.gif

Әлем елдерінің парламентінде гендерлік теңдік сақтала ма?

Соңғы 25 жылда әйелдердің үлесі 2 есе өскен

Фото: Асқар Ахметуллин

Соңғы 25 жылда парламенттегі әйелдердің үлесі екі есе өскен. Халықаралық парламент одағының (Inter-Parliamentary Union) мәліметі бойынша, бүкіл әлемдегі сайланбалы заң шығарушы органдардағы орынның 25 пайызы әйелдерге тиесілі. 

1995 жылдары парламенттегі әйелдердің үлесі бойынша Скандинавия және басқа да дамыған мемлекеттер көшбасшы болып, бірінші орында Швеция тұрған. Қазіргі кезде парламенттегі әйелдер саны бойынша Шығыс Африкада орналасқан Руанда көш бастап тұр. 

Төменгі палатадағы депутаттық 80 орынның 49-ын әйелдер иеленген, соның ішінде 24 орын әу баста-ақ әйел адамдар үшін арнайы квота ретінде бөлінеді. Дүниежүзілік экономикалық форумның байламы бойынша, 2015 жылы Руанда Үкіметі әлемдегі ең нәтижелі биліктің ондығына енген.

Куба Республикасының бір палаталы парламентіндегі 605 депутаттың 322-і – әйелдер, бұл мемлекетте биліктегі әйелдердің үлесі өте жоғары. Одан кейінгі орында Боливия тұр, онда парламен төменгі палатасының 53,3 пайызын әйелдер құрайды. 2019 жылдан республиканы ел тарихындағы алғашқы әйел-президент Жанин Аньес басқарып келеді. 

Ал төртінші орында – Біріккен Араб әмірліктері. Бұл елде парламеттің қызметін ұлттық аймақтық кеңес атқарады, онда президент резолюциясы бойынша әйел адамдарға 50 пайыз квота бөлінген. БАӘ ұлттық кеңесі – заң шығарушы орган емес. Тек заңды талқылау мен оған өзгертулер мен толықтыру енгізуге құқылы. 

Ал Швеция қазір жетінші орынға түсіп кеткен. Ел парламентіндегі әйелдердің үлесін арттыру бағытында соңғы ширек ғасырда Оңтүстік және Солтүстік Америка елдері қарқынды дамыды. Бұл ретте Тынық мұхиты аймағындағы мемлекеттерде алға жылжу аз. Мәселен, Папуа-Жаңа Гвинея және Вануату сынды мемлекеттердің парламентінде әйел адамдар мүлдем жоқ. 

Ал ТМД елдері арасында парламенттегі әйелдер саны бойынша бірінші орында Беларусь келеді, ал әлем елдері арасында –22 орында. Бұл елде парламент төменгі палатасындағы әйел депутаттардың саны 40 пайызды құрайды.

aiel.png

Осы ретте әйелдердің сайлау процесіне қатысуы елдегі саяси еркіндіктің кепілі бола алмайтынын айта кеткен жөн. Айталық, Руанданың өзі Freedom House тұжырымы бойынша, еркіндік рейтингіндегі 100 балдың тек 22-сін жанап, еркіндік жоқ елдердің қатарына кірген. Ал Араб әмірліктеріндегі еркіндік деңгейі 17 баллға бағаланса, Куба Республикасында тіптен төмен – бар-жоғы 14 балл. 

Кейбіл елдерде парламенттегі әйелдер санының артуын арнайы квота енгізілуімен түсіндіруге болады. Парламентаралық кеңестің бас хатшысы Мартин Чунгонг  квота енгізілген елдерде әйелдер өз қабілеттерін барынша көрсете алатынын атап өткен.

Әйелдердің сайлау процесіне қатысуына кепіл берілуі көптеген елдерде өз нәтижесін беріп келеді. Биліктің сайланбалы органдарында әйелдер үшін арнайы квота бөлу тәжірибесі әлемнің 104 елінде қолданылады. 
 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg