Барлық өзекті ақпарат Ұлттық білім беру қорында жинақталды

Жарияланды (жаңартылды )
Азаматтар өзіне қажетті толық мәліметті базадан алады

Барлық қажетті ақпарат Ұлттық білім беру деректер қорында жинақталған.Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министірлігінің телеграм каналы хабарлады.

*Баланың балабақшадағы, кейін мектептегі, колледж немесе ЖОО-дағы үлгерімі жайлы ақпарат, білім беру мекемелеріндегі толық мәлімет базада қамтылады.

*Білім беру бөлімдері мен басқармаларына ақпарат қажет болған жағдайда білім беру мекемелеріне сауал жолдауға тиым салынады.

*Әкімдіктер немесе санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, білім бөлімдері немесе полиция бөлімдері білім беру ұйымына сауал жібермей-ақ, өзінің логині мен паролі арқылы өзекті деректерді тікелей жүктей алады.

*Мәліметтердің дұрыстығы мен өзектілігін қамтамасыз ету үшін жүйе 24/7 режимінде жаңартылып отырады.

*Ақпаратты қорғау басымдылығы ескеріліп, деректер қоры бөтен адамдардың араласуынан сенімді қорғалған.

*Қорға ашық модуль енгізілді. Ол кез келген адамға білім ұйымы туралы ақпаратты қарауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыз