Б. Сағынтаев іскерлік кеңес отырысын өткізді

Жарияланды
Шағын және орта бизнесті  қолдау шараларының картасы әзірленуде

Алматыда Шағын және орта бизнесті  қолдау шараларының картасы әзірленуде. Бұл туралы Алматы әкімдігінің телеграм каналы хабарлады.

Алматы әкімі Б. Сағынтаев іскерлік кеңес отырысын өткізді.

Алматы Exit Strategy тіршілік әрекетін кезең-кезеңмен қалпына келтіру жоспарына сәйкес ШОБ қолдау шараларының пакеті әзірленуде.

Іскерлік кеңестің отырысы барысында мегаполистің іскерлік белсенділігін қалпына келтіру туралы ұсыныстар қаралды. Төтенше жағдай кезеңінде және коронавирусқа арналған карантин тоқтатылғаннан кейін бірқатар кәсіпорындар жұмысқа қайта оралады.

Шағын және орта бизнесті қолдау шараларына ерекше көңіл бөлінеді. Шаралар пакеті сарапшылар мен нарық қатысушыларының бағалары мен пікірлерін ескере отырып қалыптастырылады.
 

Сондай-ақ оқыңыз