Азық-түлік қымбаттап, инфляция өсіп барады

Жарияланды
Ұлттқ банк жыл соңына дейін инфляция 8 пайызға жетеді болжап отыр

Бүгін үкімет отырысында Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев елімізде азық-түлік қымбаттап жатыр деп мәлімдеді. Азық-түлік бір айда 1,9 пайзға қымбаттаса,  жылдық көрсеткіш 10,4 пайызға жетуі ықтимал. Бұл 2017 жылдан бері тіркелген ең жоғары көрсеткіш екен. 

Бас банкирдің айтуынша, төтенше жағдай мен карантинде азық-түлікке деген сұраныстың өсуі салдарынан Қазақстандағы инфляция қарқыны артып, сәуірде 6,8 пайызға жеткен.  Жыл басында инфляция дәлізі 4-6 пайыз болады деген болжам жасалған болатын. Алайда әлемдік пандемия бүкіл болжам мен жоспарды құртты. Ұлттық банк басшысының айтуынша, азық-түлік тауарлары ай сайын 1,9 пайызға қымбаттап, жылдық көрсеткіш  10,4 пайызға жетуі мүмкін. Оған импорттың шектелуі үлкен әсер еткен. Карантин жағдайында сырттан азық-түлік тасымалдау қиындап, импорттық тауарлар қымбаттаған. 

«Сауда әріптестері елдерінде карантин шараларының енгізілуі нәтижесінде шектелген импортқа байланысты ұсыныстың жеткіліксіз болуы жағдайында азық-түлік тауарлары бағасының бір айдағы өсімі 1,9%-ті құрады, жылдық өсу 10,4%-ке дейін жылдамдады, бұл 2017 жылдан  бергі ең жоғары мән», – деді Досаев.

Соның ішінде сәуір айында көкөністер – 5,6, пайыз, қант – 6,2 пайыз,  жарма өнімдері 3,4 пайызға қымбаттаған.  
Сонымен қатар, сауда және қызмет көрсету нысандарының жұмысы тоқтауы салдарынан азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызмет бағасы да екі ай қатарынан өскен. 

Дегенмен, Ерболта Досаевтың айтуынша сәуірде әлемдік қаржы және тауар нарығында жағдай сәл-пәл тұрақтаған. Оған кейбір мемлекеттердің ақырындап карантиннен шығуы мен мұнайдың жайлап қымбаттауы да әсер еткен. Енді орталық банк елдегі инфляция деңгейі жыл соңына қарай 8 пайызға жетеді деп болжап отыр.

«Ұлттық банктің бағалауы бойынша, әлемдік шикізат нарықтарындағы ахуалдың оң дамуы мен сыртқы жағдай жақсарса, сондай-ақ биыл мұнайдың бір баррелінің бағасы 35-40 АҚШ долларына дейін өскен жағдайда, инфляция дәлізі биыл 6-8% болуы мүмкін», – деп түйіндеді Досаев үкімет отырысында.   
,
 

Сондай-ақ оқыңыз