Атырау халықаралық әуежайы былтыр 950 мың жолаушыға қызмет көрсетті

Жарияланды
Екі негізгі қызметті жүзеге асыратын еліміздегі жалғыз әуежай

Атырау халықаралық әуежайы былтыр 950 мың жолаушыға қызмет көрсетті. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. 

Атырау халықаралық әуежайы – Қазақстанның мұнай астанасының көлік инфрақұрылымының маңызды объектісінің бірі.

 

Бұл – қызметін екі негізгі оператор жүзеге асыратын еліміздегі жалғыз әуежай. Яғни, әуеайлақты пайдалануды «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ, жолаушыларға қызмет көрсетуді әуежай терминалының меншік иесі «Атма Аэропорт Атырау» АҚ жүзеге асырады.

 

2019 жылы әуежайда шамамен 950 мың жолаушыға қызмет көрсетілді. Әуежай қызметкерлерінің саны – 440 адам.

Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Атырау әуежайына аты аңызға айналған қазақтың ұшқыш қызы, Қазақстанның Халық батыры Хиуаз Доспанованың есімі берілді.

Коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай енгізілгенге дейін Атырау әуежайынан аптасына 5 ішкі бағыт бойынша 84 тұрақты рейс, сондай-ақ, 4 бағыт бойынша аптасына 12 халықаралық рейс орындалды.
 

Сондай-ақ оқыңыз