Астана әуежайы өткен жылы 5,1 млн жолаушыға қызмет көрсетті

Жарияланды
Ол еліміздегі ең ірі әуежайлардың бірі

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық  әуежайы» – Қазақстандағы ең ірі әуежайлардың бірі. Жолаушылар ағыны бойынша 2-орынды алады. Өткен жылы әуежайда 5,1 млн жолаушыға қызмет көрсетілген. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram желісі хабарлады. 

Әуежай мемлекет меншігінде. Ол жерде 2321 адам қызмет етеді.  

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы – еліміздің визит карточкасы. Мемлекеттік және ресми сапарлар кезінде шетел басшыларының делегациясына жиі қызмет көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыз