Асқар Мамин Алматы облысындағы өңірді дамыту жобасымен танысты 

Сондай-ақ, тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылымның дамуын тексерді

Фото: ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Алматы облысында гидротехникалық құрылыстардың жай-күйімен және өңірді дамыту бағдарламаларының іске асырылуымен танысты. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы хабарлады.

Асқар Мамин жұмыс сапары аясында Алматы облысындағы ауыл шаруашылығы және су шаруашылығының, сондай-ақ тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылымның дамуын тексерді. 

Ақсу ауданында А. Мамин жобалық қуаттылығы 42 млн куб м болатын Қызылағаш су қоймасының реконструкциясымен танысты. Алдағы вегетация кезеңінде су қоймасы суармалы жерлердің аумағын кеңейтіп, сумен қосымша 7 мың га алқапты қамтамасыз етуге жол ашады. 

Үкімет басшысына Алматы облысының ирригациялық жүйесін жаңғырту жобалары туралы баяндалды. Өңірде 356 гидротехникалық құрылғы жұмыс істейді, ирригациялық желілердің ұзындығы — 16,6 мың шақырым.  Каналдарды, тоғандар мен гидротораптарды жөндеу және реконструкциялау бойынша жоспарланған жұмыстар 2028 жылға қарай 137,8 мың га суармалы жерді айналымға енгізуге мүмкіндік береді.

Биыл су шаруашылығы нысандарын дамытуға облыстық бюджеттен 2,1 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 1,4 млрд теңге 9 нысанды күрделі жөндеуге бөлінген. Ислам даму банкінің қаражаты есебінен суару желілерін реконструкциялау жұмыстары Ескелді, Ақсу, Алакөл және Көксу аудандарында жүргізіліп жатыр. 


Премьер-Министр Алматы облысының Балқаш, Ескелді және Талғар аудандарының жетекші шаруа қожалықтарының тәжірибелік демонстрациялық алаңдарын, сүт-тауар фермаларын және материалдық-техникалық базасын аралап көрді. А. Маминге өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және ветеринария салаларындағы отандық ғылыми-зерттеу институттарының әзірлемелері, қарқынды егіншілік, асыл тұқымды жылқы шаруашылығы, ет пен сүт өндірісін кеңейту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамыту жобалары таныстырылды.

Биыл Алматы облысының агроөнеркәсіп кешенінде 42 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. 2020 жылдың төрт айының қорытындысы бойынша 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 2,3%-ға, азық-түлік өнімдерін өндіру көлемі 14,2%-ға, ал АӨК өңделген өнім экспорты 27,6%-ға өсті. 

Талдықорған қаласында Премьер-Министр тұрғын үй инфрақұрылымының дамуын, өңірді газдандыру жұмыстарының барысын, сондай-ақ «Нұрлы жол», «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламаларының іске асырылуын және т. б. тексерді.  
 

banner_wsj.gif

Қазақстанда 5 шілдеден екі апталық қатаң карантин енгізіледі

Елдегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін біршама шектеулер қойылады

Фото: Аскар Ахметуллин

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында елдегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралды, деп хабарлайды үкімет басшысының ресми сайты.

Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында шектеу шараларын енгізу бойынша ұсынылатын шаралар туралы денсаулық сақтау министрі А. Цой баяндама жасаған.

Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, Мемлекеттік комиссия биылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге келесі шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады:

Көлік қатынасы бойынша:

1. Елдер тізімін көбейтпей, халықаралық әуе қатынасын сақтау;

2. Өңірлер арасындағы әуе қатынасын, темір жол қатынасын сақтау (шектеулермен);

3. Өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасын уақытша тоқтату;

4. Қоғамдық көліктің жұмысын уақыт бойынша шектеу.

 

Азаматтардың жүріп-тұруы бойынша:

1. Ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын өткізуге тыйым салу;

2. Ашық ауада жаттығулар жасауға рұқсат ету;

3. Тұрғындардың көшелерде, саябақтарда, скверлерде 3 адамнан артық серуендеуін шектеу;

4. 65 жастан асқан адамдардың сыртқа шығуын шектеу.

 

Мына нысандардың қызметіне тыйым салу керек:

Сұлулық салондары, шаштараз, спорт залдары, фитнес орталықтар, бассейндер, азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлар, жағажайлар, аквапарктер, мәдениет нысандары, музейлер, көрмелер, форумдар, конференциялар және өзге де ұйымдастырылған бұқаралық іс-шаралар, ойын-сауық орталықтары, мектепке дейінгі балалар мекемелері (кезекші топтардан басқа), діни нысандар және т. б. (СОСО-дағы ойын-сауық орталықтары, ойын-сауық нысандары (караоке, бильярд, компьютер клубтары, боулинг орталықтары), кинотеатрлар, балаларды сауықтыру лагерлері, фудкорттар, банкет залдары).

Мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің кемінде 80%-ның қашықтан жұмыс істеу режимін сақтау;

Алдын ала жазылу бойынша медицина орталықтарының қызметін сақтау;

Дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің, ашық базарлардың қызметін сақтау;

Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, келесі нысандардың қызметін сақтау:

-ашық ауада қоғамдық тамақтану нысандары; үздіксіз өндірістік айналымы бар құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындары; ашық ауадағы құрылыс жұмыстары; ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және мал шаруашылығы жұмыстары; халыққа қызмет көрсету салалары, оның ішінде авто жуу, автомобильдерді және тұрмыстық техниканы жөндеу, ХҚКО-лар, екінші деңгейлі банктер (уақыт бойынша шектеу енгізумен).

Үкімет басшысы еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың алдағы уақытта қалай өзгеретініне байланысты аталған шектеу шаралары 2 аптаға ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін екенін атап өтті.

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg