Алматыда тұрғындар  арасында түсіндіру жұмыстары күшейтілді

Жарияланды
Полиция адамдарды айт кезінде  қонаққа бармауға шақырады

Алматы полициясы әкімдік қызметкерлерімен бірлесіп, халықты карантин нормаларын сақтау бойынша ақпараттандыруды күшейтуге бағытталған рейдтік шараларды бастады. Бұл туралы Алматы әкімдігінің телеграм каналы хабарлады.

 «Біріншіден, біз азаматтардың жеке қорғануының негізгі құралдарының бірі болып табылатын маска режимін сақтау туралы айтып отырмыз. Тәжірибе көрсеткендей, кейбіреулер тіпті карантиннің ережелерін сақтауды тоқтатты: олар медициналық маскаларды алып тастап, қонаққа барып жүр, қолды және үйлерін антисептикпен сүртуді  ұмытып кеткен. Қаншалықты дөрекі көрінсе де, бұл короновирустық инфекцияның таралуына тікелей әсер ететін факторлар, бұл инфекцияның таралуы үшін қолайлы орта. Осыған орай, қалалық билік жаппай азаматтар мен қоғамдық көліктерде түсіндіру жұмыстарын күшейтті. Қазір таңертеңнен бастап полиция қызметкерлері мен аудан әкімдіктерінің арасынан ондаған мобильді топтар құрылды», — деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары маска режимін, әлеуметтік қашықтықты және карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Бұл сіздің және жақындарыңыздың денсаулығының қауіпсіздігінің кепілі.

Сондай-ақ оқыңыз