Алматыда блок посттар жұмысын тоқтатты

Жарияланды
Карантиндік режимнің жеңілдеуіне байланысты

Алматы қалалық полиция Департаменті карантиндік режимнің жеңілдеуіне, сондай-ақ, көптеген нысандардың жұмысын қайта қалпына келтіруге байланысты қала ішінде орналастырылған блок посттардың жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы Алматы әкімдігінің телеграм каналы хабарлайды.

Қазіргі уақытта, патрульдік полицияның ресурстары азаматтардың көп шоғырланған жерлерінде тәртіпті және карантин режимін сақтауды бақылауға бағытталған. Сондай ақ, бұл қызметкерлер жаяу патрульдеу жұмыстарына қатысады.

Сонымен қатар, Алматы қалалық полиция Департаменті жеке қауіпсіздік үшін карантиндік ережелер мен санитарлы-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын еске салады.
 

Сондай-ақ оқыңыз