Алматыда 25 мамырдан бастап қоғамдық тамақтану орындары ашылады

Жарияланды
138 сауда нысандары да өз жұмыстарын бастайды

Алматыда 25 мамырдан бастап, алаңы 500 шаршы метрден астам сауда нысандары, қонақүйлер (хостелдерді қоспағанда), сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру нысандары жұмысын бастайды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 
 
Алматыда 138 сауда нысандарының жұмысына қойылған шектеулерді алу жоспарланып отыр. Жекелей алғанда, СҮ, СО, СОО аумағында орналасқан азық-түліктік емес бутиктер, сән салондары, химиялық тазалау және мейрамханалар жұмыстарын бастайды.
 
Сауда нысандарының жұмыстарына сағат 23:00-ге дейін рұқсат берілетін болады. СҮ, СО және СОО аумағында орналасқан фуд-корттарды ашу келесі – 2-ші кезең шеңберіне, СПА, фитнес-орталықтарын және ойын-сауық нысандарын ашу – 3-ші кезең шеңберіне жоспарланып отыр. Олардың ашылу күні қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады және қосымша хабарланады.
 
Сонымен қатар, 25 мамырдан бастап, қоғамдық тамақтандыру нысандарының жазғы алаңдарын қоса алғанда, жалпы саны шамамен 27 мың адамды құрайтын 3100 кәсіпорын жұмысын бастайды.

Олардың жұмысының негізгі шарты көрші столдағы отырған келушілердің ара-қашықтығының кемінде 2 метр болуын қамтамасыз ету және 1 столға 4 адамнан, бір отбасының мүшелерін айтпағанда, отырғызу болып табылады.

Қоғамдық тамақтандыру нысандарының жұмысы сағат 23:00-ге дейін рұқсат етіледі. Бірінші кезеңде банкеттер мен салтанатты тойлар өткізуге тыйым салынады. Сондай-ақ, аталған кезеңде қоғамдық тамақтандыру нысандарының аумағында жұмыс істейтін караоке, бильярд және көңіл көтеретін мекемелердің жұмыстарына тыйым салынады. Кальян жұмысына карантиннің бүкіл кезеңінде тыйым салынады.
 
Сондай-ақ, 5 мыңнан астам жалпы жұмысшылар санымен 393 қонақүйлері (хостелдерді қоспағанда) жұмысын бастауды жоспарлап отыр. Бұл кезеңде, оларға қонақ бөлмелерін беруге және өзінің аумағында мейрамханалар ашуға рұқсат беріледі. Бұл ретте, қонақүйдегі мейрамханаларға қоғамдық тамақтандыру нысандарына қойылған талаптар қойылады. СПА, бассейндер және тренажер залдарын ашу күні қаладағы эпидемиологиялық жағдайларға байланысты болады және қосымша хабарланады.

Осылайша, 25 мамырдан бастап, қалада 84,2 мың адамды жұмыспен қамти отырып, барлығы 3631 кәсіпорынды іске қосу жоспарланып отыр.

Мегаполисте бұрынғыша карантин шараларының жалғасып отырғанын назарға ала отырып, сауда, қоғамдық тамақтандыру, сондай-ақ  қонақүй нысандарының жұмысы барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталған жағдайда мүмкін болады. Сонымен бірге, Алматыда алаңы 2000 шаршы метрден астам ірі сауда нысандарын (мегаполисте мұндай нысандар барлығы 64), міндетті  нысандардың  дайындылығының бағалауын өткізгеннен кейін ғана ашу мүмкін болады. 

Қалған сауда, қоғамдық тамақтандыру және қонақүй нысандарына қойылған шектеулерді дайындық бағалауын өткізбей-ақ, келесі алгоритмнен: бірінші – Алматы қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің infoalmaty.kz сайтындағы қаулысының ережелерімен танысу, екінші – нысанның ереже талаптарына сәйкес дайындығы, оның қатарында міндетті әлеуметтік қашықтық, жұмыс орындарындағы қатаң санитариялық режім және т.б. өткен жағдайда алу мүмкін болады. Дайындық үдерісі аяқталғаннан кейін – infoalmaty.kz сайтына тіркеледі және нысан ереженің талаптарына сәйкес, дайын екенін растайды, сондай-ақ кәсіпорындарда электрондық цифрлық қол қойылған хабарламаға қол қою арқылы бекітілген нормалардың сақталуына кепілдік береді.
 

Сондай-ақ оқыңыз