Алматы әуежайы 415 миллион долларға сатылды

Жарияланды
Түріктің TAV Airports Holding-і әуежай акциясының 100 пайызын сатып алды

TAV  Airports Holding холдингі VPE Capital консорциумындағы серіктесімен бірге Алматы халықаралық әуежайының 100% үлесін сатып алу туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды холдингтің баспасөз қызметі.

 

Алматы әуежайы TAV Airports Holding қоржынында 15-ші болып тұр. TAV Airports холдингінің консорциумдағы үлесі 75 пайыздан кем болмаған. Ал акцияларды табыстау рәсімі барлығы заңды тұрғыда  реттелген соң жүзеге асырылады.

 

«TAV әуежайлар холдингі VPE Capital консорциумындағы серіктесімен біріге отырып, Алматы әуежайының 100% үлесін сатып алу туралы келісімге қол қойды. Келісімде әуежайды 415 миллион долларға сатып алды», – делінген хабарламада.

 

Бұған дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алматы әуежайы мен TAV Airports Holding компаниясының акционерлері әуежайды сатып алу туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлаған болатын. 
 

Сондай-ақ оқыңыз