Алматы облысында блок-посттар алынбайды

Жарияланды
11 мамырда карантин режимі сақталады

Алматының бас санитарлық дәрігері төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін де карантин талаптарын сақтауға шақырады. Бұл туралы Алматы әкімдігінің телеграм каналы хабарлады.

 «Барлық сақтық шараларының сақталатынын айтқым келеді. Төтенше жағдай режимі аяқталған күннің өзінде шектеу шаралары, санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталады. Менің ойымша, бұл бізге әлі де қажет. Өйткені, коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупі толық аяқталған жоқ», – деді Ж. Бекшин. 

Дүкенге, шаштараз, киім тазалайтын мекемелерге барғанда әлеуметтік қашықтықты сақтау керек. 

11 мамырда Алматы қаласында карантин режимі сақталады. Периметр бойынша орналасқан блок-бекеттердің жұмысы да жалғасады. Бұған дейін қабылданған қалаға кіру мен шығу ережелері сол күйі сақталады. Жұмысқа рұқсат алған кәсіпорындар ғана жіберіледі. Қоғамдық көліктің жұмыс тәртібі де өзгеріссіз қалады (сағат 06.00-ден кешкі 19.00-ге дейін).

Сонымен қатар, Жандарбек Бекшиннің айтуынша, Алматы коронавирустың таралуының шарықтау шегінен өтті.
 

Сондай-ақ оқыңыз