6 келі балық тәркіленді 

Жарияланды
Күдіктіге алты мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерде айыппұл салынады

Қызылордада заңсыз балық аулаған тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Табиғат қорғау полиция тобының қызметкерлері мен Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен бірлескен рейд жүргізді. Тексеру барысында Шиелі ауданы Бала би ауылында «УАЗ» автокөлігі тоқтатылып, заңсыз балық аулап жүрген аудан тұрғыны ұсталды. Оның көлігінен резеңке қайық, аккумулятор және алты келіден аса балық тәркіленді. 

 Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 335-бабының 3-бөлігімен (балық ресурстарын заңсыз алу) тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

 Егер аталған адамдардың кінәсі дәлелденсе,  сот шешімімен алты мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынуы мүмкін.

Полиция департаменті аң, балық аулау және ағаштар мен бұталарды кесу талаптарын бұзу, қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыз