21 жасқа толмағандарға темекі сатылмайды

Жарияланды
Мәжіліс денсаулық сақтау туралы жаңа заң жобасын мақұлдады

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды. Осылайша, заң Парламент Сенатының қарауына жіберілді.

 
«Қоғам мен депутаттар арасында қызу талқыланғаны – темекі тартуға қатысты профилактикалық әрі шектеу мәселелеріне бойынша нормалар болды. Депутаттардың түзетулерімен темекі сатып алу үшін жас аралығы шектеуі 18-ден 21 жасқа дейін жоғарылады», – деді депутат Зауреш Аманжолова.

Заң жобасында өнімдегі никотиннің құрамы бойынша жыл сайын зерттеулер жүргізу бөлігінде темекі өнімдерін өндірушілер мен импорттаушыларды міндеттейтін нормалар белгіленген. Олар зерттеу нәтижелері туралы есепті өкілетті органға ұсынады.
 

Сондай-ақ оқыңыз