Skip to main content

2020 жылғы ҰБТ-ға түлектердің 82%-ы қатысады

Бұл жыл сайынғы көрсеткіштен асып түскен рекорд болды

Фото:Shutterstock

2020 жылы ҰБТ-ға қатысуға ниет білдірген азаматтардың саны 130 000 адамды құрайды, оның ішінде 20 454 – колледж және өткен оқу жылдарының мектеп түлектері. Халық көп шоғырланған жерлерге баруды болдырмау мақсатында Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштерді қабылдау 2020 жылдың 15 сәуірі мен 10 мамыр аралығында онлайн және дәстүрлі түрде өткізілді.  Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министірлігінің  баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов өтініш берудің жаңа форматы ҰБТ тапсыруға ниет білдірушілердің санын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік бергенін атап өтті.

 «82% - рекорд орнаттық! Биылғы ҰБТ-ға қатысуға ниет білдірген мектеп бітірушілердің көрсеткіші осындай. Жыл сайынғы 70%-дық көрсеткіштен асып түстік. Онлайн форматтың артықшылықтары көп, ең бастысы, мектеп түлектеріне толықтай еркіндік беріп отыр. Өкінішке орай, осы уақытқа дейін мектеп әкімшілігі тарапынан білім деңгейі төмен оқушылардың тестілеуді тапсыру мүмкіндігін шектеу фактілері орын алған. Енді бұл мәселеге шешіліп, мектеп түлектеріне толықтай еркіндік беріліп отыр», – деді Д. Смағұлов. 

Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ және шетелдегі оқу орнын бітірген адамдар үшін ҰБТ-2020 құжаттарды қабылдау 2020 жылдың 15 мамырына дейін ұзартылды.
ҰБТ нәтижелері тестілеу өткізілген күні беріледі, сонымен қатар Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында жарияланады.

Тестілеуге кіргізу барысында тыйым салынған затпен анықталған тұлға тестілеуге жіберілмейді және осы жылы ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айрылады.

Айта кеткен жөн, ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 25 тамызына дейін бейнебақылау жазбалары талданып, оқуға түсушінің тыйым салынған заттарды  пайдаланғаны анықталған жағдайда, оның ҰБТ және білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижелері жойылады. 

banner_wsj.gif

Қазақстанда бірыңғай тұрғын үй операторы құрылады

Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ және «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ бір компанияға бірктіріледі

Фото: shutterstock.com

Бүгін Сенат депутаттары палатаның пленарлық отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарады. Парламент аталмыш заң жобасын қабылдап, құжат мемлекет басшысы қол қоюына жолданды.

Заң жобасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауындағы тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту туралы тапсырмасына сәйкес әзірленген.

Заң жобасы бойынша баяндама жасаған сенат депутаты Әлімжан  Сейітжанұлының айтуынша, заң жобасы бір-бірінің қызметін қайталайтын «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ және «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ секілді тұрғын үй бағдарламаларының операторларын Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы етіп біріктіріп, жалпы әкімшілік шығыстарын қысқартуға бағытталған.

«2000 жылдан жұмыс істеп келген «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ-ның негізгі міндеті - ипотекалық облигацияларды шығару арқылы екінші деңгейдегі банктерді қайта қаржыландыру», - деді сенатор Әлімжан Құртаев.

Ал 2008 жылы құрылыс саласы үшін қаржы ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Бәйтерек девелопмент» АҚ құрылған. Қазіргі кезде «Бәйтерек девелопмент» АҚ-ның негізгі қызметі револьверлік қаржыландыру қағидаты бойынша жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын сатып алу тетігі арқылы «Нұрлы жер»  мемлекеттік бағдарламасы аясында жалға берілетін және кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға бағытталған.

Енді 2016 жылы тұрғын үй құрылысындағы үлестік салымдардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ құрылған. Тұрғын үй құрылысын аяқтауға кепілдікмен айналысатын қор 2017-2019 жылдары 154,7 млрд теңге көлемінде кепілдік мндеттеме берген.

«Тұрғын үй бағдарламасының үш оператын біріктіру әкімшілік шығындарды 5 млрд теңгеден 8,7 млрд теңгеге немесе 42 пайызға, сондай-ақ қызметкерлердің санын 311-ден 213 адамға қысқартатын болады», - деді сенатор.

 
Сонымен қатар бұл заң жобасы тұрғын үй саласындағы бірыңғай оператор қызметін реттейді. Яғни бірыңғай оператордың ипотекалық қарыз беру; көппәтерлі тұрғын үйлердегі үлесті сатып алуға арналған қарыздарды  кепілдендіру; инвестициялық жобаларды қаржыландыру және іске асыру жөніндегі қызметі реттеледі.

Заңның қабылдануы халықты сапалы және жайлы тұрғын үймен қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған мемлекеттік шараларды одан әрі іске асыруға, оның ішінде құрылыс саласына қолдау көрсетуге, тұрғын үй нарығындағы мен ипотекалық кредиттеудегі сұраныс пен ұсыныстың теңгерімді өсуі үшін жағдай жасау арқылы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_kaz.png