Skip to main content

15 мамырдан бастап Қазақстанда егін егу науқаны басталады

Шаруалар 4,7 млн гектар жерге егін екпек

фото: agropress

15 мамырдан бастап Қазақстанда егіс жұмыстарының науқаны басталады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі хабарлады.

Бүгінгі таңда Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жердің 70 пайызына егіс егілді. Үш астықты өңір – Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында топырақ құрамындағы ылғалды жабу жұмыстары аяқталды, егіске дейінгі топырақты өңдеу жүргізілуде. Елде бидайдың жаздық тұқымдарын жаппай егу науқаны мамыр айының ортасынан басталмақ. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров Қостанай облысына барған жұмыс сапары барысында хабарлады.


Айдарбек Сапаров Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы бірнеше шаруа қожалықтары мен орта және ірі агрохолдингтердің егіс алқаптарында болып, егіс жұмыстарының барысымен танысты. Өңір шаруалары жаздық егісті 4,7 млн гектар жерге егуді жоспарлап отыр. Алқаптардың басым бөлігі – 81%-ы немесе 3,8 млн гектар жерге – дәнді және бұршақ дақылдары егілмекші.  

Әртараптандыру шеңберінде биыл қостанайлық шаруалар майлы дәнді дақылдарының егіс алқаптарын 700 мың гектарға дейін арттырады. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда  200 мыңға артық. Жемшөптік дақылдардың алқаптары 176 мың гектарға дейін азайтылады (бұрын – 237 мың га). Облыс әкімдігінің мәліметтері бойынша шаруалар егістікке қажетті тұқыммен толықтай қамтылған, 528 мың тонна тұқым дайын.


Аймақта болған вице-министр шаруалармен мемлекеттік қолдау, сатып алулар және заманауи ауыл шаруашылығы техникасын, сапалы тұқым қорын пайдалану сынды бірқатар тақырыптарды талқылады.


 «Тұқым мен тыңайтқыштарды қолдану нормалары, бағалар, субсидияларға қатысты көптеген сұрақтар қойылды. Шешімін таппай келе жатқан мәселелер қарастырылады. Алдағы уақытта  олқылықтардың алдын алу мақсатында жұмыс істейміз. Сонымен қатар мал шаруашылығы, ветеринария жайында мәселелер көтерілді, мұның бәрі  күн тәртібінде тұр», – деді Айдарбек Сапаров.

 

Қостанайлық шаруалар кездесу нәтижесіне көңілдері толып, министрлік тарапынан жасалған кері байланысқа ризашылықтарын білдірді.

 

Сондай-ақ, кәсіпкерлер Мемлекет басшысына және Үкіметке төтенше жағдай кезінде көрсетілген көмекке, атап айтқанда егін егуді қаржыландыруға, тұқым, отын, минералды тыңайтқыштар, гербицидтер мен пестицидтер құнын субсидиялауға 170 миллиард теңге көлемінде қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.
 

banner_wsj.gif

Соңғы бес жылда мемлекет қазынасынан 145,3 млрд теңге ұрланған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет соның 100 млрд теңгесін бюджетке қайтарған

Фото: kursiv.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет соңғы 5 жылда ұрланғаны анықталған 145,3 млрд теңгенің 100 миллиардың мемлекетке қайтартқызған. Бұл жөнінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлімдеді.

Ол соңғы бес жылда мемлекетке келтірілген шығынның қайтарылуы жөніндегі статистиканы айтып өтті. 

"Егер 2015 жылы мемлекетке 5 млрд. теңге өтелсе, осы жылдың тек 5 айында ғана бұл сома 6 есеге артып,  28,2 млрд. теңгеге (анықталғаны – 30,9 млрд. теңге) жеткен. Ағымдағы жылдың 5 айындағы шығын көрсеткіші 2019 жылдың көрсеткішінен асып түскенін атап өткен жөн", - деді Биғайдаров.

Нақты жылдар бойынша алып қарастырсақ, келтірілген шығын мен өтелген қаржы көлемі мынандай:


- 2015 жылы 9,5 млрд шығын анықталып, 4,9 млрд өтелді;
- 2016 жылы 43,6 млрд анықталып, 9,3 млрд өтелді; 
- 2017 жылы 15,8 млрд анықталып, 13,9 млрд өтелді; 
- 2018 жылы 21 млрд анықталып, 18,6 млрд өтелді;
- 2019 жылы 24,5 млрд анықталып, 22,6 млрд өтелді; 
- а.ж. 5 айында 30,9 млрд анықталып, 28,2 млрд өтелді.

Тергеу барысында шығын тек бюджетке қолма қол қаражат жолымен ғана емес, сондай-ақ, құрылыс жұмыстарын орындау, тауарлар жеткізу, қызмет көрсету, жер телімдері мен пәтерлерді мемлекеттік қорға қайтару жолымен де өтеледі.

2019 жылдан бері сыбайлас жемқорлық қылмыстық істері бойынша тәркіленіп, сатылған мүліктің жалпы құны 1 млрд теңгеден асады. 

Сонымен қатар, Агенттіктің сыбайлас жемқорлық қылмыстық істері бойынша тәркіленіп, сатылған мүлікке және қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған мүліктерге (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет істер бойынша) тұрақты түрде мониторинг жүргізеді

Сондай-ақ, қабылданған алдын алу шараларының арқасында  22,3 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделген. 

Мәселен, Түркістан облысында Кентау қаласының Тұрғын үй шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің келісімшарт сомасын 32 млн теңгеден 135 млн теңгеге дейін заңсыз өсіруіне тоқауыл қойылды. 

ТЖ режимін ескере отырып, адамдар жаппай шоғырланатын шараларды (Жамбыл облысындағы мерекелік дастархан, БҚО Бөрлі ауданындағы күрестен республикалық турнир), сатып алуды тоқтату бойынша ұсыныстар енгізіліп, бөлінген қаражат бюджетке қайтарылған.

2016 жылдан бері 2000-нан аса адамға сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сот үкімімен  жалпы сомасы 17 млрд теңге айыппұл салынса, соның 10 млрд теңгеге жуығы бюджетке төленді. 
 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_kaz.png