1-ші маусымда поездар рельске шығады 

Жарияланды
Бастапқы кезеңде 54 пойыз іске қосылады

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында ел ішінде жолаушылар пойыздарының жүруін қайта бастау туралы шешім қабылданды. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдылық даму министрлігінің телеграм каналы хабарлады.

Жолаушылар пойыздары халықтың сұранысын ескере отырып, 2020 жылғы 1 маусымнан бастап кезең-кезеңмен және өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жүзеге асырыла бастайды.

 Атап айтқанда, бастапқы кезеңде 54 пойыз іске қосылады, оның ішінде:

➖ Нұр-Сұлтан – Алматы, Маңғыстау, Өскемен, Сарыағаш, Семей, Арқалық, Павлодар, Петропавл/Қызыл Ту, Орал, Жезқазған, Қызылорда; 

➖ Алматы – Шымкент, Павлодар, Ақтөбе, Маңғыстау, Сарыағаш, Өскемен, Жезқазған, Орал, Петропавл; 

➖ Қызылорда – Семей; 

➖ Қостанай – Қарағанды, Арқалық, Алматы; 

➖ Қарағанды – Жезқазған; 

➖ Қызылорда – Көкшетау, Петропавл және қала маңы қатынастары бағыттары бойынша.

Жол жүру билеттерін сату 2020 жылғы 15 мамырдан басталады.

Сондай-ақ оқыңыз