Ұлыбританиядан оралған азаматтар Солтүстік Қазақстан облысында карантинге жатқызылды

Жарияланды
93 адам ұшып келген

14 сәуірде Ұлыбританиядан оралған қазақстандықтардың бір бөлігі Солтүстік Қазақстан облысында карантинге жатқызылды. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлайды.

 

Еліміздің азаматтары бар ұшақ 14 сәуір күні Петропавлға қонды. Барлық жолаушылардан короновирустың бар-жоғын анықтау үшін анализ алынды. 2 сынамада вирустың бар екені анықталды.

 

Эпидемиологтар осы рейспен ұшқан 93 байланыста болған адамды анықтады. Жақын қарым-қатынас жасаған жолаушылар Петропавлда карантинге жатқызылды.

 

«Барлық жақын байланыста болған 20 адам анықталды, олар қосымша тексеруден кейін Петропавлда 14 күнге стационарлық карантинге орналастырылып, дәрігерлердің бақылауында болады. Аурудың клиникалық белгілері пайда болған жағдайда, ол адамдар провизорлық стационарға жатқызылады», — деді СҚО әкімінің орынбасары Руслан Әлішев.

 

Қалған азаматтар өз қалаларына «жасыл дәліз» арқылы жіберіледі, олар үй карантині режимін сақтайды.

Сондай-ақ оқыңыз