Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты төлемдер тағайындалды

Жарияланды
Қазіргі уақытта 16 мыңнан астам адамға қаражат түсті

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау үшін 1 688 131 азаматтан 2 755 866 жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы Coronavirus2020.kz сайты хабарлайды.

Осылайша, 1 067 735 қайталанатын өтінім тіркелді. Өтініштерді қарау мерзімдерінің ұлғаюына жол бермеу мақсатында азаматтар өтінішті бір рет беру тиіс. 

Деректерді тексеру және өтінішті қарау мерзімі 3 жұмыс күнін құрайды. 

Мемлекеттік сақтандыру қоры төлем жасау туралы шешім қабылданғаннан кейін өтініш берушіге SMS-хабарлама келеді. 

Сондай-ақ оқыңыз