Теңіз вахталық кентiнде екі апталық карантин режимі енгізілді 

Жарияланды
Қазіргі уақытта, бұл жерде індетті жұқтырған 10 науқас тіркелді 

Атырау облысының әкімдігінің мәліметінше, Теңіз вахталық кентiнде екі апталық карантин режимі енгізілді. Бұл туралы Coronavirus2020.kz телеграм каналы хабарлады.

Күн сайын карантиндік объектінің тұрғын үйлерге бірінші кезекте қажетті тауарлар курьермен жеткізіледі. Медициналық бетперде жеткілікті, қорғау құралдары толық қамтамасыз етілді. 

Вахталық кентте екі дәрігер, фельдшер және санитарлық дәрігер бар. Байланыста болған адамдардың анализдерi арнайы медициналық мекемелердің өкілдерімен бірлесіп жүргізіледі.

Сондай-ақ оқыңыз